Об утверждении объемов субсидий на повышение продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства), а также развития племенного рыбоводства Северо-Казахстанской области на 2025 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении объемов субсидий на повышение продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства), а также развития племенного рыбоводства Северо-Казахстанской области на 2025 год
- Атауы (қаз.)
- 2025 жылға Солтүстік Қазақстан облысы акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға арналған субсидиялар көлемін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 42
- Қабылданған күні
- 21.02.2025
- Көрсетілген редакция
- 21.02.2025 207355_745366.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.02.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V25S0786015
- ЭКБ идентификаторы
- 207355
- Редакция идентификаторы
- 207355_745366
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 06:01
0 2025 жылға Солтүстік Қазақстан облысы
акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі
мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға арналған субсидиялар көлемін бекіту туралы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5-14) тармақшасына, «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 болып тіркелді) сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылға Солтүстік Қазақстан облысы акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға арналған субсидиялар көлемі бекітілсін.
2 2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1 1) осы қаулыны Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі»
республикалық мемлекеттік мекемесі
1 2025 жылға Солтүстік Қазақстан облысы акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға арналған субсидиялар көлемі
Солтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің
2025 жылғы 21 ақпандағы
№ 42 қаулысына
қосымша
2025 жылға Солтүстік Қазақстан облысы акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға арналған субсидиялар көлемі
№
Субсидиялау түрлері
Өлшем бірлігі
Субсидияланатын көлем
Субсидия сомасы, (мың теңге)
1
Балық өсіру материалын сатып алғаны үшін шығыстарды өтеу бойынша субсидиялар:
1.1
Ақсаха тұқымдас балықтар мен олардың будандары (дернәсілдер)
дана
60 707 000
15 176,75
1.2
Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары (дернәсілдер)
дана
7 050 000
211,5
1.3
Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары (шабақ, 30 грамға дейін)
дана
30 700
230,25
2
Балық өсіру-биологиялық негіздеме сатып алғаны үшін шығыстарды өтеу бойынша субсидиялар
дана
3
67,5
3
Азық сатып алғаны үшін шығыстарды өтеу бойынша субсидиялар:
3.1
Ақсерке тұқымдас балықтар мен олардың будандары
килограмм
6000
1944
3.2
Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары (отандық өндірістің азықтары үшін)
килограмм
18800
2368,8
Жиыны
19 998,8