Құжат мәтініне өту

О предоставлении в 2025 году мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселка, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района

Өзге акт · № 303 · қабылданған 19.03.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2025-ekb-208217/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О предоставлении в 2025 году мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселка, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района Қолданыста Өзге акт ·№ 303 ·19.03.2025
19.03.2025 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О предоставлении в 2025 году мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселка, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района

Қолданыста Өзге акт ·№ 303 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О предоставлении в 2025 году мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселка, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района
Атауы (қаз.)
Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кент, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2025 жылы әлеуметтік қолдау көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
303
Қабылданған күні
19.03.2025
Көрсетілген редакция
19.03.2025 208217_749425.kaz
Соңғы өзгеріс
19.03.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25NG00303M
ЭКБ идентификаторы
208217
Редакция идентификаторы
208217_749425
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:31

0

Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кент, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2025 жылы әлеуметтік қолдау көрсету туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабы 12-тармағына, Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрінің «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау көрсету шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Әулиекөл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кент, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2025 жылы мынадай әлеуметтік қолдау көрсетілсін:
жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит:
ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын, ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада;
ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада.

2 2. Сондай-ақ осы шешімнің 1-тармағының әрекеті ветеринария саласында қызмет жасайтын ветеринарлық пункттердің ветеринар мамандарына да таратылады.

3

3. Осы шешімнің 1-тармағында көзделген Әулиекөл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген ауылдар, кент және ауылдық округ әкімдерінің аппараттарындағы мемлекеттік қызметшілерге көтерме жәрдемақы мен тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабы 12-тармағымен көзделген шектеулер есепке алынып, беріледі.

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы