Об утверждении объемов субсидирования повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства), а также развития племенного рыбоводства по городу Шымкент на 2025 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении объемов субсидирования повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства), а также развития племенного рыбоводства по городу Шымкент на 2025 год
- Атауы (қаз.)
- Шымкент қаласы бойынша 2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігі мен өнім сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1360
- Қабылданған күні
- 18.03.2025
- Көрсетілген редакция
- 18.03.2025 208378_749473.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.03.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V25E0023417
- ЭКБ идентификаторы
- 208378
- Редакция идентификаторы
- 208378_749473
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:33
0 Шымкент қаласы бойынша 2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігі мен өнім сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5-14) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 тіркелген) 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шымкент қаласы бойынша 2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігі мен өнім сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері бекітілсін.
2 2. «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Келісілді
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігі
7 Шымкент қаласы бойынша 2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігі мен өнім сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері
Шымкент қаласы әкімдігінің
2025 жылғы «18» наурыздағы
№ 1360 қаулысына қосымша
Шымкент қаласы бойынша 2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігі мен өнім сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері
№
Субсидия түрлері
Өлшем бірлігі
Балық өндіру көлемі
Субсидияланатын азық көлемі
Субсидия сомасы (теңге)
1
2
3
4
5
6
1
Балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары (албырт, бекіре, тұқы, жайын тұқымдас балықтар мен олардың будандары үшін)
килограмм
115 079,37
138 095,2
29 000 000,0