О предоставлении в 2025 году социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселка, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Наурзумского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении в 2025 году социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселка, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Наурзумского района
- Атауы (қаз.)
- Науырзым ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2025 жылы әлеуметтік қолдау көрсету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 197
- Қабылданған күні
- 28.03.2025
- Көрсетілген редакция
- 28.03.2025 208520_750726.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.03.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25NP00197M
- ЭКБ идентификаторы
- 208520
- Редакция идентификаторы
- 208520_750726
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:21
0
Науырзым ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2025 жылы әлеуметтік қолдау көрсету туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабының 12-тармағына, «Әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудың мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына сәйкес Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 болып тіркелген) Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Науырзым ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2025 жылы берілсін:
1 1) айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшеріне тең сомада көтерме жәрдемақы;
2 2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – келген мамандар үшін бюджеттік кредит:
ауданның әкімшілік орталықтары болып табылатын ауылдық елді мекендерге айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада;
ауылдық елді мекендерге айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада.
2 2. Осы шешімнің 1-тармағының күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринариялық пункттердің ветеринариялық мамандарына да қолданылады.
3
3. Науырзым ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін көтерме жәрдемақы және әлеуметтік қолдау – осы шешімнің 1-тармағында көзделген бюджеттік кредит Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабының 12-тармағында көзделген шектеулер ескеріле отырып берілетіні белгіленсін "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы".