Об утверждении перечня проектов, предлагаемых к финансированию за счет средств негосударственных займов под государственные гарантии на 2025 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня проектов, предлагаемых к финансированию за счет средств негосударственных займов под государственные гарантии на 2025 год
- Атауы (қаз.)
- Мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың 2025 жылға арналған тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 237
- Қабылданған күні
- 14.04.2025
- Көрсетілген редакция
- 04.08.2025 209161_776339.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.08.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2500000237
- ЭКБ идентификаторы
- 209161
- Редакция идентификаторы
- 209161_776339
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:04
0 Мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың 2025 жылға арналған тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 141-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың 2025 жылға арналған тізбесі бекітілсін.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
0 Мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың 2025 жылға арналған тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 14 сәуірдегі
№ 237 қаулысымен
бекітілген
Мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың 2025 жылға арналған тізбесі
Р/с
№
Жобаның атауы
Жобаның жалпы құны
Іске асыру кезеңі
Мемлекеттік кепілдіктің мөлшері
Қарыз алушы
Әлеуетті қарыз беруші
1
2
3
4
5
6
7
1
«Климатқа төзімді су ресурстарын дамыту жобасы, 1-саты» 1-транш (5 су шаруашылығы құрылысжайын салу және реконструкциялау)
88825175000 теңге
2025 – 2045 жылдар
78166154000 теңгеге дейін (қарыз валютасына баламалы)
«Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Ислам Даму Банкі
2
«Климатқа төзімді су ресурстарын дамыту жобасы, 1-саты» 1-транш (ирригациялық желілерді қалпына келтіру, жаңғырту және салу)
138568866000 теңге
2025 – 2045 жылдар
121940602000 теңгеге дейін (қарыз валютасына баламалы)
«Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Ислам Даму Банкі
3
Республикалық маңызы бар М-32 «РФ шекарасы (Самараға) – Шымкент» автомобиль жолын реконструкциялау 1806-1337 км «Қызылорда – Сексеуіл» учаскесі. I учаске. «Қызылорда қаласын айналып өтетін 1-б техникалық санатындағы автомобиль жолын салу»
46175489000 теңге
2025 – 2045 жылдар
40716700850 теңгеге дейін (қарыз валютасына балама)
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
Ислам Даму Банкі
4
Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын автоматтандырылған өлшеу жүйелерін дамыта және жолдарды күтіп-ұстауға арналған жол-пайдалану техникасымен жарақтандыра отырып, қалпына келтіру және жақсарту жөніндегі инвестициялық жоба
797621034694 теңге
2025 – 2040 жылдар
488910000000 теңгеге дейін (1000000000 АҚШ долларына дейін балама)
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
«Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы
5
Қостанай облысында «Рудный қаласын айналып өту» автомобиль жолын салу
47684400000 теңге
2025 – 2048 жылдар
26211300000 теңгеге дейін (қарыз валютасына балама)
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
«Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы
6
Қарағанды қаласындағы Аэрация станциясының кәріздік тазарту құрылысжайларын реконструкциялау
56263704200 теңге
2025 – 2039 жылдар
50289331600 теңгеге дейін (не қарыз валютасына баламалы/тең мәнді)
«Қарағанды Су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Еуропа Қайта құру және Даму Банкі
7
М-32 «РФ шекарасы (Самараға дейін) – Шымкент» республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» учаскесін, 763-791 км және 819-1025 км реконструкциялау»
522668800000 теңге
2025 – 2048 жылдар
459948500000 теңгеге дейін (не қарыз валютасына баламалы/тең мәнді), оның ішінде:
2025 жыл –
155000000000 теңге ( Еуропа Қайта құру және Даму Банкі –
77500000000 теңге, Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі – 77500000000 теңге);
2026 жыл – 304948500000 теңге (Еуропа Қайта құру және Даму Банкі –
152474250000 теңге, Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі –
152474250000 теңге)
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі,
Еуропа Қайта құру және Даму Банкі
8
«Қызылорда – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автомобиль жолын
(433-946 км «Жезқазған-Қарағанды» учаскесі) реконструкциялау
1171860579000 теңге
2025 – 2045 жылдар
996072188000 теңгеге дейін (қарыз валютасына баламалы).
Бірінші кезең шеңберіндегі мемлекеттік
кепілдік сомасы 650000000000 теңгеден
аспайды (қарыз валютасына баламалы):
2025 жыл – 325000000000 теңге (Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі), 2026 жыл – 325000000000 теңге (Азия инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі)
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі
9
Б. Қонысбаев атындағы өткізу пункті арқылы Өзбекстан Республикасына шығатын Сарыағаш қаласының айналма жолын салу
237396000000 теңге
2025 – 2048 жылдар
201786600000 теңгеге дейін (қарыз валютасына баламалы)
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
Азия Даму Банкі
10
Республикалық маңызы бар А-27 «Атырау-Доссор» 598-512 км автомобиль жолын реконструкциялау
138411800000 теңге
2025 – 2048 жылдар
121802400000 теңгеге дейін (қарыз валютасына баламалы), оның ішінде 2025 жылға – 44600000000 теңге, 2026 жылға – 77202400000 теңге
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі
_________________________