Об утверждении пороговых значений розничных цен на социально-значимые продовольственные товары на ІІ квартал 2025 года по области Жетісу
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении пороговых значений розничных цен на социально-значимые продовольственные товары на ІІ квартал 2025 года по области Жетісу
- Атауы (қаз.)
- Жетісу облысы бойынша 2025 жылдың ІІ тоқсанына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 129
- Қабылданған күні
- 25.04.2025
- Көрсетілген редакция
- 25.04.2025 I209622_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.04.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25I000129A
- ЭКБ идентификаторы
- 209622
- Редакция идентификаторы
- I209622_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:50
0 Жетісу облысы бойынша 2025 жылдың ІІ тоқсанына
әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 90939 болып тіркелген) сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жетісу облысы бойынша 2025 жылдың ІІ тоқсанына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері бекітілсін.
2 2. «Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті шараларды қабылдасын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы «___» _______ №________қаулысына қосымша
Жетісу облысы бойынша 2025 жылдың ІІ тоқсанына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері
№
Тауардың атауы
Өлшем бірлігі
ІІ
тоқсан
1
Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын)
теңге/
килограмм
602
2
Бірінші сұрыпты бидай ұны
теңге/
килограмм
329
3
Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)
теңге/
килограмм
333
4
Бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай наны (пішінді)
теңге/
килограмм
253
5
Рожки (өлшеніп салынатын)
теңге/
килограмм
449
6
Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі)
теңге/
килограмм
3643
7
Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік)
теңге/
килограмм
1761
8
Пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада
теңге/
литр
480
9
Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада
теңге/литр
473
10
Сүзбе: майлылығы 5-9%
теңге/
килограмм
1806
11
Тауық жұмыртқасы (I санатты)
теңге/дана
693
12
Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ)
теңге/
килограмм
5489
13
Күнбағыс майы
теңге/
литр
880
14
Ақ қауданды қырыққабат
теңге/
килограмм
315
15
Басты пияз
теңге/
килограмм
195
16
Асханалық сәбіз
теңге/
килограмм
286
17
Картоп
теңге/
килограмм
363
18
Ақ қант – құмшекер
теңге/
килограмм
516
19
Ac тұзы («Экстра» - дан басқа)
теңге/
килограмм
135