Об утверждении объемов субсидирования повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства), а также развития племенного рыбоводства Актюбинской области на 2025 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении объемов субсидирования повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства), а также развития племенного рыбоводства Актюбинской области на 2025 год
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе облысының 2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 76
- Қабылданған күні
- 24.04.2025
- Көрсетілген редакция
- 24.04.2025 209687_755245.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.04.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V25C0870004
- ЭКБ идентификаторы
- 209687
- Редакция идентификаторы
- 209687_755245
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:53
0 Ақтөбе облысының 2025 жылға арналған акваөсіру
(балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5-14) тармақшасына, «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 тіркелген) сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ақтөбе облысының 2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
5 Ақтөбе облысы әкімдігінің
2025 жылғы 24 сәуірдегі № 76
қаулысына қосымша
Ақтөбе облысының 2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялау көлемі
№
Субсидиялау түрлері
Өлшем бірлігі
Субсидияланатын көлем
Субсидиялар сомасы
(теңге)
1
2
3
4
5
1
Балық азықтарын сатып алу шығыстарын
өтеуге арналған субсидиялар
1.1
Албырт тұқымдас балықтар және олардың будандары
тонна
80
21 600 000,0
1.2
Бекіре тұқымдас балықтар және олардың будандары
20
5 700 000,0
1.3
Тұқы тұқымдас балықтар және олардың будандары
74
15 540 000,0
1.4
Жайын тұқымдас балықтар және олардың будандары
6
1 260 000,0
2
Балық өсіру материалдарын сатып алу бойынша
шығыстарды өтеуге арналған субсидиялар
2.1
Тұқы тұқымдас балықтар және олардың будандарының шабағы (30 грамға дейін)
мың дана
225,0
3 375 000,0
2.2
Албырт тұқымдас балықтар және олардың будандарының ұрықтанған уылдырығы
800,0
4 000 000,0
2.3
Албырт тұқымдас балықтар және олардың будандарының шабағы
(10 граммға дейін)
12,0
300 000,0
2.4
Бекіре тұқымдас балықтар және олардың будандарының шабағы
(10 граммға дейін)
9,0
2 250 000,0
3
Балық өсіру-биологиялық негіздемесін сатып алу
бойынша шығыстарды өтеуге арналған субсидиялар
3.1
Балық өсіру-биологиялық негіздемесі
дана
7
925 000,0
4
Балық басын толықтыратын аналық балық үйірін сатып алу және оларды
күтіп-ұстау бойынша шығыстарды өтеуге арналған субсидиялар
4.1
Бекіре тұқымдас балықтар және олардың будандары
дана
200
6 000 000,0
Барлығы:
62 210 000,0