Об утверждении перечня приоритетных культур и норм субсидий на 2025 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня приоритетных культур и норм субсидий на 2025 год
- Атауы (қаз.)
- 2025 жылға арналған басым дақылдар тiзбесін және субсидия нормаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 79
- Қабылданған күні
- 05.05.2025
- Көрсетілген редакция
- 05.05.2025 210078_756644.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.05.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V25C0871604
- ЭКБ идентификаторы
- 210078
- Редакция идентификаторы
- 210078_756644
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:38
0 2025 жылға арналған басым дақылдар тiзбесін және субсидия нормаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 тіркелген) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2025 жылға арналған басым дақылдар тізбесі және субсидиялар нормалары бекітілсін.
2 2. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
5 Ақтөбе облысы әкімдігінің
2025 жылғы 5 мамырдағы
№ 79 қаулысына қосымша
2025 жылға арналған басым дақылдар тізбесі және субсидиялар нормалары
№
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы
Өлшем бірлігі
Субсидия нормасы, теңге
1
Күнбағыс
тонна
20 000,0
2
Мақсары
тонна
10 000,0
3
Өнеркәсіптік жылыжай кешеніндегі көкөністер
гектар
8 500 000,0
4
Фермерлік жылыжайдағы көкөністер
гектар
3 400 000,0