О предоставлении мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселков, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Катон-Карагайского района на 2025 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселков, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Катон-Карагайского района на 2025 год
- Атауы (қаз.)
- Катонқарағай ауданының ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2025 жылы әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 27/312-VIII
- Қабылданған күні
- 14.05.2025
- Көрсетілген редакция
- 14.05.2025 210166_767671.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.05.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25VM27312M
- ЭКБ идентификаторы
- 210166
- Редакция идентификаторы
- 210166_767671
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:25
0 Катонқарағай ауданының ауылдық елдi
мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға
келген денсаулық сақтау, бiлiм беру,
әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет,
спорт және агроөнеркәсіптік кешен
саласындағы мамандарға, ауылдар,
кенттер, ауылдық округтер әкімдері
аппараттарының мемлекеттік
қызметшілеріне 2025 жылы әлеуметтiк
қолдау шараларын ұсыну туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының
6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Заңының 7-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына, 18-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. 2025 жылы Катонқарағай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне келесі әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерлері:
1 1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін екі мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекенде және екі мың еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада ауданның басқа да ауылдық елді мекендерінде бюджеттік кредит ұсынылсын.