Құжат мәтініне өту

О распределении стипендии Президента Республики Казахстан между организациями высшего и (или) послевузовского образования на 2025 год

Бұйрық · № 293-НҚ · қабылданған 24.06.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2025-ekb-211926/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О распределении стипендии Президента Республики Казахстан между организациями высшего и (или) послевузовского образования на 2025 год Қолданыста Бұйрық ·№ 293-НҚ ·24.06.2025
24.06.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О распределении стипендии Президента Республики Казахстан между организациями высшего и (или) послевузовского образования на 2025 год

Қолданыста Бұйрық ·№ 293-НҚ · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О распределении стипендии Президента Республики Казахстан между организациями высшего и (или) послевузовского образования на 2025 год
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылына арналған стипендиясын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
293-НҚ
Қабылданған күні
24.06.2025
Көрсетілген редакция
24.06.2025 I211926_1.kaz
Соңғы өзгеріс
24.06.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25JC000293
ЭКБ идентификаторы
211926
Редакция идентификаторы
I211926_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 03:43

0 Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылына арналған стипендиясын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу туралы

«Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысының 4-тармағына сәйкес, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылға арналған стипендиясын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 16 мамырдағы № 251 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылға арналған стипендиясын министрліктер арасында бөлуді іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылына арналған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу (бұдан әрі – бөлу) бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Білім және ғылым департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1

1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3

3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары «Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды тағайындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 07 сәуірдегі № 136 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды тағайындау ережесіне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6936 болып тіркелген) тиісті қаржы жылына арналған қаржыландыру жоспарларында қарастырылған қаражаттар шегінде қосымшада көрсетілген бөлуге сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын төлеуді жүзеге асырсын.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылына арналған стипендиясын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу

Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрінің
2025 жылғы «___» маусымдағы
№ ____ бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылына арналған стипендиясын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының атауы
Стипендия
Студенттерге
Магистранттарға
1.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» республикалық мемлекеттік мекемесі
4
0
2.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
10
0
3.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі
3
1
Барлығы:
17
1

Қолданыстағы