Об утверждении пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары на третий квартал 2025 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары на третий квартал 2025 года
- Атауы (қаз.)
- 2025 жылдың үшінші тоқсанына арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 159
- Қабылданған күні
- 22.07.2025
- Көрсетілген редакция
- 22.07.2025 212753_767399.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.07.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25T000159A
- ЭКБ идентификаторы
- 212753
- Редакция идентификаторы
- 212753_767399
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:09
0 2025 жылдың үшінші тоқсанына арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 болып тіркелген) бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларының 7-тармағына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылдың үшінші тоқсанына арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 2025 жылдың үшінші тоқсанына арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері
Атырау облысы
әкімдігінің 2025 жылғы
«22» шілдедегі № 159
қаулысына қосымша
2025 жылдың үшінші тоқсанына арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері
№ п/п
Тауар атауы
Өлшем бірлігі
Бағасы, теңге
1
Бірінші сортты бидай ұны
1 (бір) килограмм
292
2
Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді)
1 (бір) килограмм
300
3
Рожки (өлшеніп салынатын)
1 (бір) килограмм
522
4
Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)
1 (бір) килограмм
423
5
Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын)
1 (бір) килограмм
669
6
Картоп
1 (бір) килограмм
403
7
Асханалық сәбіз
1 (бір) килограмм
364
8
Басты пияз
1 (бір) килограмм
257
9
Ақ қауданды қырыққабат
1 (бір) килограмм
223
10
Ақ қант - құмшекер
1 (бір) килограмм
576
11
Күнбағыс майы
1 (бір) литр
1009
12
Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі)
1 (бір) килограмм
3517
13
Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік)
1 (бір) килограмм
1855
14
Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5 %, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ)
1 (бір) килограмм
6368
15
Тауық жұмыртқасы (I санатты)
ондық
534
16
Ас тұзы («Экстра» - дан басқа)
1 (бір) килограмм
162
17
Сүзбе: майлылығы 5-9 %
1 (бір) килограмм
2518