Құжат мәтініне өту

Об утверждении объемов субсидирования повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства), а также развития племенного рыбоводства области Ұлытау на 2025 год

Қаулы · № 64/15 · қабылданған 30.07.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2025-ekb-212946/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении объемов субсидирования повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства), а также развития племенного рыбоводства области Ұлытау на 2025 год Қолданыста Қаулы ·№ 64/15 ·30.07.2025
30.07.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении объемов субсидирования повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства), а также развития племенного рыбоводства области Ұлытау на 2025 год

Қолданыста Қаулы ·№ 64/15 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении объемов субсидирования повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства), а также развития племенного рыбоводства области Ұлытау на 2025 год
Атауы (қаз.)
2025 жылға арналған Ұлытау облысының акваөсіру (балық өсіру) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялау көлемдерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
64/15
Қабылданған күні
30.07.2025
Қолданысқа енгізілген күні
12.08.2025
Көрсетілген редакция
30.07.2025 212946_770836.kaz
Соңғы өзгеріс
30.07.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25H006415A
ЭКБ идентификаторы
212946
Редакция идентификаторы
212946_770836
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:59

0 2025 жылға арналған Ұлытау облысының акваөсіру (балық өсіру) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялау көлемдерін бекіту туралы

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5-14) тармақшасына, «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 болып тіркелген) сәйкес, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

1 1. 2025 жылға арналған Ұлытау облысының акваөсіру (балық өсіру) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялау көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. «Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігі

0 2025 жылға арналған Ұлытау облысының акваөсіру (балық өсіру) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялау көлемдері

Ұлытау облысы әкімдігінің
2025 жылғы «30» шілдедегі
№ 64/15 қаулысына
қосымша
2025 жылға арналған Ұлытау облысының акваөсіру (балық өсіру) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялау көлемдері

Субсидиялау түрлері
Өлшем бірлігі
Субсидияланатын
көлем
Сомасы,
мың теңге
1.
Балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары:
1.1
Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандарын өсіру кезінде пайдаланылатын отандық өндірістің балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары
килограмм
12 381
1 300 005
1.2
Бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандарын өсіру кезінде пайдаланылатын балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары
килограмм
877
249 945
1.3
Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандарын өсіру кезінде пайдаланылатын балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары
килограмм
925
249 750
1.4
Шаянтәрізділерді өсіру кезінде пайдаланылатын балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары
килограмм
875
199 500
2.
Балық өсіру материалын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары:
2.1
Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары (шабақ)
дана
100 000
1 500 000
2.2
Бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары (шабақ)
дана
2003
500 750
2.3
Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары (шабақ)
дана
20 001
500 025
2.4
Шаянтәрізділер (шабақ)
дана
20 001
500 025
3.
Дәрілік препараттарды сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары
килограмм
200 000
1 000 000
4.
Балық басын толықтыратын аналық балық үйірін сатып алу және оларды күтіп-ұстау шығыстарын өтеу субсидиялары
4.1
Балық басын толықтыратын аналық балық үйірін (тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандарын) сатып алу және оларды күтіп-ұстау шығыстарын өтеу субсидиялары
дана
105
1 050 000
4.2
Балық басын толықтыратын аналық балық үйірін (бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандарын) сатып алу және оларды күтіп-ұстау шығыстарын өтеу субсидиялары
дана
10
150 000
4.3
Балық басын толықтыратын аналық балық үйірін (албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандарын) сатып алу және оларды күтіп-ұстау шығыстарын өтеу субсидиялары
дана
10
300 000
5.
Балық өсіру-биологиялық негіздемені сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары
бірлік
5
2 500 000
Барлығы
10 000 000

Қолданыстағы