Об утверждении объемов субсидий на повышение продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства), а также развития племенного рыбоводства Акмолинской области на 2025 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении объемов субсидий на повышение продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства), а также развития племенного рыбоводства Акмолинской области на 2025 год
- Атауы (қаз.)
- Ақмола облысы акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға арналған 2025 жылғы субсидиялар көлемін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-9/476
- Қабылданған күні
- 05.09.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 15.09.2025
- Көрсетілген редакция
- 05.09.2025 214142_773939.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.09.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25B009476A
- ЭКБ идентификаторы
- 214142
- Редакция идентификаторы
- 214142_773939
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:27
0 Ақмола облысы акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға арналған 2025 жылғы субсидиялар көлемін бекіту туралы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы №180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №28188 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Ақмола облысы акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға арналған 2025 жылғы субсидиялар көлемі бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Ақмола облысы акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға арналған 2025 жылғы субсидиялар көлемі
Ақмола облысы әкімдігінің
2025 жылғы 5 қыркүйектегі
№ А-9/476 қаулысына
қосымша
Ақмола облысы акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға арналған 2025 жылғы субсидиялар көлемі
№
Субсидиялау түрі
Өлшем бірлігі
Субсидияланатын көлем
Субсидия сомасы, теңге
1.
Албырт балық түрлерін және оның будандарын өсіру кезінде пайдаланылатын азықтарды сатып алу шығыстарын өтеу бойынша субсидиялар
килограмм
11 451,66
2 914 896
2.
Тұқы балықтар түрлерінің және оның будандарының балық өсіру материалы сатып алғаны үшін шығыстарды өтеу бойынша субсидиялар
дана
1500
22 500
Барлығы:
2 937 396