Об утверждении тарифов на специальные социальные услуги в негосударственном секторе на 2025 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении тарифов на специальные социальные услуги в негосударственном секторе на 2025 год
- Атауы (қаз.)
- Түлкібас ауданы әкімдігінің 2025 жылға арналған мемлекеттік емес секторда арнаулы әлеуметтік қызметтердің тарифтерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 216
- Қабылданған күні
- 22.09.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 26.09.2025
- Көрсетілген редакция
- 22.09.2025 214530_775816.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.09.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25UN00216A
- ЭКБ идентификаторы
- 214530
- Редакция идентификаторы
- 214530_775816
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:08
0 Түлкібас ауданы әкімдігінің 2025 жылға арналған мемлекеттік емес секторда арнаулы әлеуметтік қызметтердің тарифтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 142-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген «Арнаулы әлеуметтік қызметтердің тарифтерін қалыптастыру ережелері мен әдістемесіне» сәйкес, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2025 жылға арналған мемлекеттік емес секторда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. «Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуін;
2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Түлкібас аданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түлкібас ауданы әкiмінің «Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»-не жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
7 Түлкібас ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік емес секторда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетушілерге арналған тарифтері
Түлкібас ауданы әкімдігінің
2025 жылғы «___» _______
№ ___ қаулысына қосымша
Түлкібас ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік емес секторда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетушілерге арналған тарифтері
Көрсетілетін қызметті беруші шарттарда қызмет көрсетеді:
1 1. Үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
2 2. Балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша іс-шараларды өткізу;
3 3. Он сегіз жастан асқан тұлғаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру.
№
Атауы
Қызмет алушыға көрсетілетін 1 қызметтің ай сайынғы тарифі (теңге)
1.
Психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балаларға үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету (1,5 жастан 18 жасқа дейін)
63 607,06₸
2.
Тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға үйде күтім жасау жағдайында әлеуметтік қызметтер көрсету (1,5 жастан 18 жасқа дейін)
63 607,06₸
3.
Он сегіз жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедек адамдарға үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
63 607,06₸