Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Гранит 2025»

Қаулы · № 159 · қабылданған 10.08.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2025-ekb-228901/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Гранит 2025» Қолданыста 10.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Гранит 2025»

Қолданыста Қаулы № 159 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Гранит 2025»
Атауы (қаз.)
«Гранит 2025» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
159
Қабылданған күні
10.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
28.08.2026
Көрсетілген редакция
10.08.2026 228901_836601.kaz
Соңғы өзгеріс
10.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26NR00159A
ЭКБ идентификаторы
228901
Редакция идентификаторы
228901_836601
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
18.09.2026 04:12
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Гранит 2025» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабына, 69-бабы 4-тармағының 7-1) тармақшасына, 71-1-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Гранит 2025» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау үшін Бейімбет Майлин ауданы Әйет ауылдық округінің аумағында орналасқан алаңы 8,4813 гектар жер учаскесіне 6 жылға мерзімімен қауымдық сервитут белгіленсін.

2. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберілуін;

2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде ресми жарияланғанынан кейін оның Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.