Об утверждении Методики расчета годовой сметы расходов на управление объектом кондоминиума, а также методики расчета минимального размера взносов на управление объектом Кондоминиума на 2026 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Методики расчета годовой сметы расходов на управление объектом кондоминиума, а также методики расчета минимального размера взносов на управление объектом Кондоминиума на 2026 год
- Атауы (қаз.)
- 2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың жылдық сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 40/238-VIII
- Қабылданған күні
- 30.04.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 19.05.2026
- Көрсетілген редакция
- 14.07.2026 224967_831612.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.07.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26UF40238M
- ЭКБ идентификаторы
- 224967
- Редакция идентификаторы
- 224967_831612
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 16.08.2026 02:15
0 2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың жылдық сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3-бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 наурыздағы "Кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың жылдық сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" № 166 бұйрығына сәйкес Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері 2026 жылға бір шаршы метр пайдалы ауданы үшін айына 44,37 теңге сомасында бекітілсін, бұл 2026 жылға бекітілген айлық есептік көрсеткіштің 1,02 % құрайды.
2. «2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы» Қазығұрт аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 36/206-VIIІ шешімінің (ҚР НҚА Мем.тізіліміндегі нөмірі №219778) күші жойылды деп танылсын.