Об утверждении ставок платы за пользование водными ресурсами поверхностных водных объектов по области Жетісу на 2026 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении ставок платы за пользование водными ресурсами поверхностных водных объектов по области Жетісу на 2026 год
- Атауы (қаз.)
- Жетісу облысы бойынша 2026 жылға жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы өлшерлемелерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 39-248
- Қабылданған күні
- 22.07.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 05.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 22.07.2026 228113_831132.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.07.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26I039248M
- ЭКБ идентификаторы
- 228113
- Редакция идентификаторы
- 228113_831132
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:22
0 Жетісу облысы бойынша 2026 жылға жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін
бекіту туралы
Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 628-бабына және Қазақстан Республикасы Су кодексінің 26-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 250-НҚ «Жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2026 жылғы 26 мамырдағы № 157-НҚ бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 26 мамырда № 38793 болып тіркелген) Жетісу облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жетісу облысы бойынша 2026 жылға жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Жетісу облысы бойынша 2026 жылға жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы
Жетісу облыстық мәслихатының
2026 жылғы 22 шілдедегі
№ 39-248 шешіміне қосымша
Жетісу облысы бойынша 2026 жылға жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы
№ р/с
Арнайы су пайдалану түрі
өлшем бірлігі
2026 жылға арналған төлемақы мөлшерлемесі, теңге
Балқаш және Алакөл көлдері бассейні
1.
Тұрғын үй пайдалану және коммуналдық қызметтер
теңге/1000 текше метр
57,5
2.
Жылу энергетикасын қоса алғанда, өнеркәсіп
теңге/1000 текше метр
172,5
3.
Ауыл шаруашылығы
теңге/1000 текше метр
17,2
4.
Су көздерінен алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары
теңге/1000 текше метр
17,2
5.
Гидроэнергетика
теңге/1000 киловатт-сағат
402,5
6.
Су көлігі
теңге/1000 шақырым
86,3