Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении государственного образовательного заказа на подго-товку кадров в организациях высшего и послевузовского образования на 2026–2027 учебный год

Қаулы · № 157 · қабылданған 24.08.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20262027-ekb-229617/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об утверждении государственного образовательного заказа на подго-товку кадров в организациях высшего и послевузовского образования на 2026–2027 учебный год Қолданыста 24.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении государственного образовательного заказа на подго-товку кадров в организациях высшего и послевузовского образования на 2026–2027 учебный год

Қолданыста Қаулы № 157 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении государственного образовательного заказа на подго-товку кадров в организациях высшего и послевузовского образования на 2026–2027 учебный год
Атауы (қаз.)
2026-2027 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
157
Қабылданған күні
24.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
13.09.2026
Көрсетілген редакция
24.08.2026 229617_838000.kaz
Соңғы өзгеріс
24.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26U000157A
ЭКБ идентификаторы
229617
Редакция идентификаторы
229617_838000
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
17.09.2026 19:00
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 2026-2027 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2026-2027 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. «Түркістан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

З.С.Жолдасов Е.Ә.Дауылбаев К.Е.Жаппар
Ф.М.Байдуллаев Қ.Ә.Қайыпбек Г.Н.Ажиметова
Е.К.Алтаев Н.Ә.Тұрашбеков

7 Түркістан облысы әкімдігінің

2026 жылғы «24» тамыздағы
№ 157 қаулысына қосымша
2026-2027 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік
білім беру тапсырысы

Білім беру саласының коды және атауы
Білім беру бағдарламалары
(мамандықтар сипаттамасы)
2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі
2025-2026 оқу жылына
1 студентті оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мың.теңге)
Келесі үш оқу жылына 1 студентті оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мың.теңге)
1
6B06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (6B061)
Жасанды интеллект
100
2 742,0
2 513,5
2
Деректерді ғылымы
100
2 742,0
2 513,5