Об утверждении статистической формы общегосударственного статистического наблюдения "Отчет о ценах и объемах закупа и реализации социально-значимых продовольственных товаров стабилизационных фондов" (код 2031101, индекс 1-СФ, периодичность месячная) и инструкции по ее заполнению
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении статистической формы общегосударственного статистического наблюдения "Отчет о ценах и объемах закупа и реализации социально-значимых продовольственных товаров стабилизационных фондов" (код 2031101, индекс 1-СФ, периодичность месячная) и инструкции по ее заполнению
- Атауы (қаз.)
- "Тұрақтандыру қорларының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу және өткізу бағасы мен көлемі туралы есеп" (коды 2031101, индексі 1-ТҚ, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 181
- Қабылданған күні
- 12.07.2012
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2014 AI67388_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1200007884
- ЭКБ идентификаторы
- 67388
- Редакция идентификаторы
- AI67388_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:49
0 "Тұрақтандыру қорларының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу және өткізу бағасы мен көлемі туралы есеп" (коды 2031101, индексі 1-ТҚ, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Мыналар:
1 1) «Тұрақтандыру қорларының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу және өткізу бағасы мен көлемі туралы есеп» (коды 2031101, индексі 1-ТҚ, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2
2) «Тұрақтандыру қорларының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу және өткізу бағасы мен көлемі туралы есеп» (коды 2031101, индексі 1-ТҚ, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті Стратегиялық даму департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жіберсін;
3 3) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің интернет-ресурсында міндетті түрде жариялауды қамтамасыз етсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Стратегиялық даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі құрылымдық бөлімшелерінің және аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
Е. Аман ______________
2012 жылғы 8 шілдеде
1 Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2012 жылғы 12 шілдеде № 181 бұйрығына 1-қосымша
Приложение 1 к приказу Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 12 июля 2012 года № 181
Мемлекеттік статистика органдары құпиялылығына кепілдік береді
Конфиденциальность гарантируется органами государственной статистики
Жалпымемлекеттік статистикалық байқау бойынша статистикалық нысан
Статистическая форма по общегосударственному статистическому наблюдению
Аумақтық органға тапсырылады
Представляется территориальному органу
Статистикалық нысанды www.stat.gov.kz сайтынан алуға болады
Статистическую форму можно получить на сайте www.stat.gov.kz
Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына алғашқы статистикалық деректерді уақтылы тапсырмау, дәйексіз деректерді беру «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 381-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады.
Несвоевременное представление, предоставление недостоверных первичных статистических данных в соответствующие органы государственной статистики является административным правонарушением, предусмотренным статьей 381 Кодекса Республики Казахстан «Об административных правонарушениях».
Статистикалық нысан коды 2031101
Код статистической формы 2031101
Статистикалық нысанды толтыруға жұмсалған уақыт, сағат (қажеттiсiн қоршаңыз)
Время, затраченное на заполнение статистической формы, час (нужное обвести)
1 сағатқа дейiн до 1 часа
1-2
2-4
4-8
8-40
40 сағаттан артық
более 40 часов
1-ТҚ
1-СФ
Тұрақтандыру қорларының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу және өткізу бағасы мен көлемі туралы есеп
Отчет о ценах и объемах закупа и реализации социально-значимых продовольственных товаров стабилизационных фондов
Айлық
Месячная
Есепті кезең
Отчетный период
ай
месяц
жыл
год
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар тапсырады (тізім бойынша)
Представляют социально-предпринимательские корпорации (по списку)
Тапсыру мерзімі - есепті айдан кейінгі 3-күн
Срок предоставления - 3-го числа после отчетного месяца
БСН коды
код БИН
1 1. Тауарды сатып алу көлемі мен бағасы және оны халыққа өткізу бағасын бір өлшем бірлігімен көрсетіңіз
Укажите объемы и цены закупа товара и его реализации населению, за единицу измерения
Тауардың коды*
Код товара
Тауардың атауы
Наименование товара
Тауардың өлшем бірлігі
Единица измерения товара
Тауарды сатып алған (өткізген) күні
Дата закупа (реализации) товара
Сатып алу көлемі
Объем закупа
Сатып алу бағасы, теңгемен
Цена закупа, в тенге
Оператор коды
Код оператора
Тауарды өткізу көлемі
Объем реализации товара
Өткізген тауардың нақты бағасы, теңгемен
Фактическая цена реализации товара, в тенге
отандық тауарды
отечественного товара
импорттық тауарды
импортного товара
отандық тауарды
отечественного товара
импорттық тауарды
импортного товара
А
Б
В
Г
1
2
3
4
5
6
7
*Тауардың коды осы статистикалық нысанның қосымшасына сәйкес көрсетіледі.
Код товара указывается согласна приложению к настоящей статистической форме
2 2. Тауарды сақтау қоймаларының саны және сақтау құнын көрсетіңіз
Укажите количество пунктов хранения и стоимость хранения товара
Тауардың коды*
Код товара
Тауардың атауы
Наименование товара
Тауарды сатып алған (өткізген) күні
Дата закупа (реализации) товара
Сақтау қоймаларының саны, бірлік
Количество пунктов хранения, единиц
1 айға сақтау қызметінің құны, 1 тонна/теңгемен
Стоимость услуг хранения за месяц, тенге/1 тонна
әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация
социально-предпринимательской корпорации
коммуналдық меншіктегі
коммунальной собственности
әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация
социально-предпринимательской корпорации
коммуналдық меншіктегі
коммунальной собственности
А
Б
В
1
2
3
4
Қажет болған жағдайда қосымша беттерде жалғастырыңыз.
При необходимости продолжите на дополнительных листах.
Атауы Мекенжайы
Наименование __________________________ Адрес ________________
_______________________________________ ______________________
Электрондық мекенжайы
Электронный адрес _____________________
Орындаушының аты-жөні және телефоны
Фамилия и телефон исполнителя _________ Телефон ______________
Басшы (Т.А.Ә., қолы)
Руководитель __________________________ (Ф.И.О., подпись)
Бас бухгалтер (Т.А.Ә., қолы)
Главный бухгалтер _____________________ (Ф.И.О., подпись)
М.О.
М.П.
1.1 Тұрақтандыру қорынан шығарылатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімі
«Тұрақтандыру қорларының әлеуметтік маңызы бар
азық-түлік тауарларын сатып алу және өткізу бағасы
мен көлемі туралы есеп» (коды 2031101, индексі 1-ТҚ,
кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық
байқаудың статистикалық нысанына 1-қосымша
Тұрақтандыру қорынан шығарылатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімі
Атауы
МЖТЖН* коды
Өлшем бірлігі
1
Бірінші сортты бидай ұны
01112102
килограмм
2
Бірінші сортты бидай ұнынан пісірілген нан
01113003
килограмм
3
Вермишель
01114001
килограмм
4
Кеспе
01114002
килограмм
5
Рожкилер
01114003
килограмм
6
Қарақұмық жармасы
01112202
килограмм
7
Сұлы жармасы
01112203
килограмм
8
Ұнтақ жарма
01112201
килограмм
9
Арпа жармасы
01112204
килограмм
10
Сөк
01112205
килограмм
11
Күріш
01111001
килограмм
12
Сиыр еті – жауырын-төс бөлігі
01121105
килограмм
13
Сүйегі бар қой еті
01121401
килограмм
14
Тауық
01121501
килограмм
15
Тауықтың сирағы (сан еті)
01121504
килограмм
16
Пастерленген сүт 2,5%
01141104.15
литр
17
Пастерленген сүт 3,2%
01141104.18
литр
18
Айран 2,5%
01141302.15
литр
19
Айран 3,2%
01141302.18
литр
20
Сүзбе
01141401
килограмм
21
Мәйекті ірімшік
01141403
килограмм
22
Жұмыртқа
01142001
ондық
23
Күнбағыс майы
01153001
литр
24
Тұздалмаған сары май
01151001
килограмм
25
Өсімдік-сары май (спрэд)
01151004
килограмм
26
Картоп
01172001
килограмм
27
Сәбіз
01171004
килограмм
28
Басты пияз
01171002
килограмм
29
Аққауданды қырыққабат
01171001
килограмм
30
Қызылша
01171003
килограмм
31
Құмшекер
01181001
килограмм
32
Тұз
01199001
килограмм
33
Түйiршiктелген қара шай
01212001
килограмм
* Мақсаттар бойынша жеке тұтыну жіктеуішіне тауар айқындамасының номенклатурасы.
2 «Тұрақтандыру қорларының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу және өткізу бағасы мен көлемі туралы есеп» (коды 2031101, индексі 1-ТҚ, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру бойынша нұсқаулық
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі төрағасының
2012 жылғы 12 шілдеде
№ 181 бұйрығына
2-қосымша
«Тұрақтандыру қорларының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу және өткізу бағасы мен көлемі туралы есеп» (коды 2031101, индексі 1-ТҚ, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру бойынша нұсқаулық
1
1. Осы Нұсқаулық «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Тұрақтандыру қорларының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу және өткізу бағасы мен көлемі туралы есеп» (коды 2031101, индексі 1-ТҚ, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыруды нақтылайды.
2 2. Осы статистикалық нысанды толтыру мақсатында келесі анықтамалар қолданылады:
1 1) оператор – Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация (бұдан әрі – ӘКК) және (немесе) тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларын халыққа өткізуді жүзеге асыратын оның аффилирлі тұлғасы;
2 2) өткізу бағасы – бекітілген үстемесімен халыққа сатылған нақты тауардың бағасы;
3 3) сатып алу бағасы – отандық және (немесе) импорттық өндірілген нақты тауардың қосымша құн салығын және көлік шығыстарын қоса алғандағы бағасы;
4 4) сатып алу (өткізу) көлемі – сатып алынған (өткізілген) азық-түлік тауарларының натурал өлшемдегі саны.
3
3. 1, 2 - бөлімдердегі А, Б бағандары және 1-бөлімдегі В бағаны «Тұрақтандыру қорларының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу және өткізу бағасы мен көлемі туралы есеп» (коды, индексі 1-ТҚ, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанының «Тұрақтандыру қорынан шығарылатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімі» қосымшасына сәйкес толтырылады.
1 - бөлімдегі А бағанында Тұрақтандыру қорына сатып алынған (өткізілген) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының коды көрсетіледі.
Б бағанында сатып алынған (өткізілген) азық-түлік тауарларының атауы жазылады.
В бағанында сатып алынған (өткізілген) азық-түлік тауарларының өлшем бірлігі көрсетіледі.
Г бағанында азық-түлік тауарларын сатып алған немесе өткізген күні көрсетіледі.
4 4. Егер азық-түлік тауарларының бір түрі бірнеше рет сатып алынса, онда әрбір сатып алу күндері бөлек жолға жазылады. Егер тауарды бірнеше рет өткізсе, онда өткізген күндері де бөлек жолға жазылады.
5 5. 1 - бөлімде 1, 2, 6 - бағандары бойынша сатып алынған (өткізілген) азық-түлік тауарларының көлемі бір өлшем бірлігімен көрсетіледі.
3, 4 - бағандары бойынша отандық және (немесе) импорттық өндірілген нақты тауардың қосымша құн салығын және көлік шығыстарын қоса алғандағы сатып алу бағасы көрсетіледі.
5 - бағанда ӘКК және (немесе) тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларын халыққа өткізуді жүзеге асыратын оның аффилирлі тұлғасының коды көрсетіледі.
Оператордың коды келесі тәртіпте беріледі:
1 1) егер тауарды өткізуді ӘКК өзі жүзеге асырса - «0» коды беріледі;
2 2) егер ӘКК-нің азық-түлік тауарларын өткізетін бірнеше операторлары болса, онда олар бір санынан басталатын ретпен кодталады;
3 3) операторлардың коды есепті жыл бойы өзгеріссіз қалады. Егер есепті айда жаңа оператор пайда болса, онда оған соңғы реттік нөмірі беріледі.
7 - бағанда халыққа сатылған тауардың нақты бағасы бекітілген үстемесімен қоса көрсетіледі. Сату бағасы өзгерген жағдайда деректер жеке жолда көрсетіледі.
6 6. 2 - бөлімдегі 1, 2 - бағандарда ӘКК немесе коммуналдық меншіктегі сақтау қоймаларының саны көрсетіледі. Сақтау қоймаларының саны өзгерген жағдайда, олар туралы деректерді күнін жазып, жаңа жолда көрсетеді.
3, 4 - бағандарда Тұрақтандыру қорына сатып алынған азық-түлік тауарларын бір айға, бір тоннасын сақтау қызметінің құны көрсетіледі.
7 7. Сатып алу (өткізу) бағасы бүтін санға дейiнгі дәлдікпен көрсетiледi.
8 8. Арифметикалық-логикалық бақылау:
1 1) егер 1 - бөлімдегі Г бағаны толтырылса, онда 1, 3 және 2, 4, 5, 6, 7 - бағандарын толтыру міндетті;
егер 1 - бөлімдегі баған 10, онда баған 30;
егер 1 - бөлімдегі баған 20, онда баған 40;
егер 1 - бөлімдегі баған 60, онда бағандар 50 және 70;