О внесении дополнения в решение 21 сессии Актогайского районного маслихата от 11 апреля 2014 года № 197 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Актогайского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в решение 21 сессии Актогайского районного маслихата от 11 апреля 2014 года № 197 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Актогайского района»
- Атауы (қаз.)
- Ақтоғай аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 197 «Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 369
- Қабылданған күні
- 02.04.2020
- Көрсетілген редакция
- 30.12.2020 141148_504679.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20KJ005786
- ЭКБ идентификаторы
- 141148
- Редакция идентификаторы
- 141148_504679
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:17
0 Ақтоғай аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 197 «Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 11 сәуірдегі №197 «Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2629 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 мамырдағы «Тоқырауын тынысы» газетінің № 21 (7441) санында, 2014 жылғы 21 шілдедегі «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған), келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын:
8 тармақ 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) Ақтоғай ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқытылатын балалары бар көпбалалы және аз қамтылған отбасылар.».