О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 ноября 1998 года N 242 "Об утверждении Правил переводов денег в межбанковской системе переводов денег", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 711
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 ноября 1998 года N 242 "Об утверждении Правил переводов денег в межбанковской системе переводов денег", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 711
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 711 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 21 қарашадағы N 242 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 158
- Қабылданған күні
- 26.05.2003
- Көрсетілген редакция
- 31.12.2015 AI15928_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V030002369_
- ЭКБ идентификаторы
- 15928
- Редакция идентификаторы
- AI15928_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 21:19
0 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 711 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 21 қарашадағы N 242 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы төлем жүйесінің жұмыс істеуін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 21 қарашадағы N 242 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 711 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 1999 жылғы 29 наурыз-11 сәуір жарияланған, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1538 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 106 және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1999 тіркелген, 2002 жылғы 2 қыркүйектегі N 362 қаулыларымен бекітілген өзгерістер және толықтырулармен) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесінде:
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Жүйеде ақшаны аудару Ұлттық Банк белгілейтін операциялық күн ішінде жүргізіледі.";
35-тармақтағы "бақылау мерзімі" деген сөздер "операциялық күн жабылған уақыт" деген сөздермен ауыстырылсын;
48-тармақтағы "палатасына" деген сөз "ұйымына" деген сөзбен ауыстырылсын.