О внесении дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 ноября 1998 года № 242 "Об утверждении Правил переводов денег в межбанковской системе переводов денег", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под № 711
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 ноября 1998 года № 242 "Об утверждении Правил переводов денег в межбанковской системе переводов денег", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под № 711
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 711 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ақша аударымының банкаралық жүйесінде ақша аударымы ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 21 қарашадағы № 242 қаулысына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 74
- Қабылданған күні
- 14.05.2004
- Көрсетілген редакция
- 31.12.2015 AI20007_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V040002887_
- ЭКБ идентификаторы
- 20007
- Редакция идентификаторы
- AI20007_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:07
0 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 711 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ақша аударымының банкаралық жүйесінде ақша аударымы ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 21 қарашадағы № 242 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Ақша аударымдарының банкаралық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ақша аударымының банкаралық жүйесінде ақша аударымы ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 21 қарашадағы № 242 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 711 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 1999 жылғы 29 наурыз - 11 сәуірде жарияланған), 1999 жылғы 16 тамыздағы № 266 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 910 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 1999 жылғы 27 қыркүйек - 10 қазанда жарияланған), 2000 жылғы 16 мамырдағы № 216 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1152 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2000 жылғы 5-18 маусымда жарияланған), 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 106 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1538 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2001 жылғы 18 маусым - 1 шілдеде жарияланған), 2002 жылғы 2 қыркүйектегі № 362 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1999 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2002 жылғы 4-17 қарашада жарияланған), 2003 жылғы 31 қаңтардағы № 20 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2193 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2003 жылғы 10-23 наурызда жарияланған), 2003 жылғы 27 мамырдағы № 158 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2369 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2003 жылғы 16-29 маусымда жарияланған) қаулыларымен бекітілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ақша аударымының банкаралық жүйесінде ақша аударымы ережесінде:
19-тармақтың бірінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Орталық бір ақша жіберуші және бір бенефициар көрсетілген төлем құжатын орындауға қабылдайды.".