О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 июня 1999 года N 813
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 июня 1999 года N 813
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 21 маусымдағы N 813 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 411
- Қабылданған күні
- 17.05.2006
- Көрсетілген редакция
- 15.09.2017 27779_289896.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.09.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P060000411_
- ЭКБ идентификаторы
- 27779
- Редакция идентификаторы
- 27779_289896
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 17:25
0 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 21 маусымдағы N 813 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1
1. "Республикалық бюджеттен берiлген несиелердi, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың шеңберiнде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 21 маусымдағы N 813 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1 1) Республикалық бюджеттен берiлген несиелердi, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың шеңберiнде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2 2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық бюджеттен берiлген несиелердi, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың шеңберiнде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамы туралы ережеде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Комиссияның төрағасы оның қызметiне жетекшiлiк етедi, мәжiлiстерiнде төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды, шешiмдерiнiң iске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызметке, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестiруге және Комиссия әзiрлейтiн шешiмдерге дербес жауапты болады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.".
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
0 Республикалық бюджеттен берiлген несиелердi, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың шеңберiнде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 17 мамырдағы
N 411 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1999 жылғы 21 маусымдағы
N 813 қаулысымен
бекiтiлген
Республикалық бюджеттен берiлген несиелердi, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың шеңберiнде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамы
Коржова - Қазақстан Республикасының Қаржы
Наталья Артемовна министрi, төрайым
Елемесов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Асқар Раушанұлы вице-министрi, төрайымның орынбасары
Жұмағали - Қазақстан Республикасы Қаржы
Шалқар Болатұлы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi
кредит беру басқармасының бастығы,
хатшы
Гусинский - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Александр Владимирович Сенаты Экономика, қаржы және бюджет
комитетiнiң мүшесi
Кәкiшев - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Жандарбек Шәмiлұлы Сенаты Өңiрлiк даму және жергiлiктi
өзiн-өзi басқару мәселелерi комитетiнiң
мүшесi
Сыздықов - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Тито Уахапұлы Мәжiлiсi Қаржы және бюджет комитетiнiң
мүшесi
Исақов - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Нұржан Әзiмханұлы Әкiмшiлiгi құқық қорғау және сот
жүйелерi мәселелерi бөлiмiнiң бас
инспекторы
Ақшолақов - Қазақстан Республикасының Энергетика
Болат Оралұлы және минералдық ресурстар вице-министрi
Баталов - Қазақстан Республикасының Индустрия
Асқар Болатұлы және сауда вице-министрi
Мусина - Қазақстан Республикасының Ауыл
Лилия Сәкенқызы шаруашылығы вице-министрi
Өскiмбаев - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Қожамұрат Бейiсұлы вице-министрi
Кәрбозов - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Қозы-Көрпеш Жапарханұлы қауiпсiздiк комитетi төрағасының
орынбасары
Тәжияқов - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Бисенғали Шамғалиұлы Банкi Төрағасының орынбасары
Бекбосынов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Сабыржан Мәдиұлы министрлiгi Дерменсiз борышкерлермен
жұмыс комитетiнiң төрағасы
Кадюков - Қазақстан Республикасы Қаржы
Николай Викторович министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және
жекешелендiру комитетi төрағасының
орынбасары
Қанатов - Қазақстан Республикасы Қаржы
Сәбит Сарқытұлы министрлiгiнiң Салық комитетi
төрағасының орынбасары
Исабеков - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Тимур Шамсатұлы министрлiгi Халықаралық құқық,
мемлекеттiң мүлiктiк құқықтарын қорғау,
шарттар және кiнәрат-талап жұмыстары
департаментiнiң директоры
Сағындықов - Қазақстан Республикасының Экономика
Самат Алпысұлы және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi
Инвестициялық саясат және жоспарлау
департаментiнiң директоры
Шәрiпов - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Талғат Қайыркенұлы коммуникация министрлiгi Қаржылық
реттеу департаментiнiң директоры
Дәулиев - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Ермек Көкенұлы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес агенттiгiнiң (қаржы
полициясы) Сыбайлас жемқорлық туралы
iстердi ашу және олардың алдын алу
департаментi бастығының орынбасары
Күзембаева - "Медетші қор" акционерлiк қоғамының
Маржан Бопайқызы президентi
Рахымов - "Қазақстан Даму Банкi" акционерлiк
Сейiтқали Сайлаубайұлы қоғамының вице-президентi
Шынғазиева - "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры"
Макка Жарқынбайқызы акционерлiк қоғамы кредит беру
департаментiнiң директоры