Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 января 2000 года N 108

Қаулы · № 1160 · қабылданған 01.11.2002
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2000-n-108/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении дополнения и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 января 2000 года N 108 Күшін жойған Қаулы ·№ 1160 ·01.11.2002
30.12.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнения и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 января 2000 года N 108

Күшін жойған Қаулы ·№ 1160 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 января 2000 года N 108
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 108 қаулысына толықтыру мен өзгерiстер енгiзу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1160
Қабылданған күні
01.11.2002
Көрсетілген редакция
30.12.2010 AI13451_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.12.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P020001160_
ЭКБ идентификаторы
13451
Редакция идентификаторы
AI13451_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 22:45

0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 108 қаулысына толықтыру мен өзгерiстер енгiзу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2010 № 1456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын
берудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2000 жылғы 21 қаңтардағы N 108 қаулысына (Қазақстан Республикасының
ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 3, 39-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерiстер
енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жер қойнауын пайдалану құқығын
берудiң тәртiбiнде:
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Барлаумен және (немесе) Өндiрумен байланысты емес жер
асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға Келiсiм-шарт
жасасу үшін тiкелей келiссөздерге қатысуға өтiнiм, сондай-ақ
мыналарды қамтуы тиiс:
1) зиянды, улы заттарды, қатты және сұйық қалдықтарды көму,
ағын және өнеркәсiптiк суларды ағызу орындары объектiлерiнiң жалпы
сипаттамасы (объектiнiң орналасқан жерi, пайдалану мерзiмi, ұстауға
арналған шығындар, жер асты сулары, қоршаған орта және жер қойнауы
мониторингi қадағалау желiсiнiң болуы және орналасуы);
2) объектiлердiң физикалық сипаттамасы-оқшаулану сипаттамасы,
тау жыныстарының түрлерi, коллекторлық қабаттың орналасу тереңдiгi
және тиiмдi қуаты, оның алаңы, кеуектену коэффициентi, астыңғы және
үстiңгi су ұстағыштардың сипаттамасы, жер асты сулары табиғи
ағынының жылдамдығы, сандық және сапалық көрсеткiштер, тау-кендiк,
арнайы инженерлiк-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық
көму, қоймаға салу және ағызу шарттары;
3) қызметi зиянды, улы заттардың, қатты және сұйық
қалдықтардың, ағын және өнеркәсiптiк сулардың пайда болуына әкеп
соғатын ұйымдар туралы мәлiметтер (орналасқан жерi және
ведомстволық тәуелдiлiгi);
4) зиянды, улы заттардың, қатты және сұйық қалдықтардың, ағын
және өнеркәсiптiк сулардың сипаттамасы (өнiмнiң атауы, нәтижесінде
өнiм пайда болатын техникалық өндiрiс немесе процесс, олардың
физикалық сипаттамасы, толық химиялық құрамы, улы компоненттердiң
болуы, өрт-жарылғыш қауiптiлiгі, ерiгiштiгі, сақталған кездегi
басқа заттармен сыйымдылығы, ластандыратын негiзгi радионуклидтер,
олардың белсендiлiгі, тасымалдау жүйелерiнiң сипаттамасы);
5) геологиялық ақпараттың мемлекеттiк сараптамасының
қорытындысы;
6) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысы.";
28 және 29-тармақтардағы "және сауда" деген сөздер "және
бюджеттiк жоспарлау" деген сөздермен ауыстырылсын;
30-тармақта:
1) тармақшадағы "Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау
министрлігімен" деген сөздер "Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен"
деген сөздермен ауыстырылсын";
2) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
iсi жөнiндегi агенттiгімен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлiгiмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
40-тармақта:
"Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгіне"
деген сөздер "Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне" деген сөздермен
ауыстырылсын;
"және Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiне" деген сөздер алынып
тасталсын.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

Қолданыстағы