Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 апреля 2000 года N 146 "Об утверждении Правил обмена электронными документами при осуществлении платежей и переводов денег в Республике Казахстан", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 1148

Қаулы · № 228 · қабылданған 03.07.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2000-n-146-n-1148/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 апреля 2000 года N 146 "Об утверждении Правил обмена электронными документами при осуществлении платежей и переводов денег в Республике Казахстан", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 1148 Күшін жойған Қаулы ·№ 228 ·03.07.2003
31.08.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.08.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 апреля 2000 года N 146 "Об утверждении Правил обмена электронными документами при осуществлении платежей и переводов денег в Республике Казахстан", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 1148

Күшін жойған Қаулы ·№ 228 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 апреля 2000 года N 146 "Об утверждении Правил обмена электронными документами при осуществлении платежей и переводов денег в Республике Казахстан", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 1148
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1148 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында ақша төлемі мен аударымын жүзеге асырған кезде электронды құжаттар алмасу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 21 сәуірдегі N 146 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
228
Қабылданған күні
03.07.2003
Көрсетілген редакция
31.08.2016 AI16580_2.kaz
Соңғы өзгеріс
31.08.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V030002434_
ЭКБ идентификаторы
16580
Редакция идентификаторы
AI16580_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 21:10

0

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1148 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында ақша төлемі мен аударымын жүзеге асырған кезде электронды құжаттар алмасу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 21 сәуірдегі N 146 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында ақша төлемі мен аударымын жүзеге асырған кезде электронды құжаттар алмасу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 21 сәуірдегі N 146 қаулысына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1148 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2000 жылғы 5-18 маусымда N 12(183) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында ақша төлемі мен аударымын жүзеге асырған кезде электронды құжаттар алмасу ережесінде:
кіріспедегі "аудару" деген сөз "төлемдері мен аударымдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ережеде "Ақша төлемі және аударымы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабында, "Электрондық құжат және электрондық сандық қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабында көзделген негізгі ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:";
6) тармақшада "хабарлар" деген сөзден кейін "(нұсқау, нұсқауды қайтарып алу не орындалуын тоқтата тұру туралы өкім, сондай-ақ ақша төлемі мен аударымына қатысты өзге де хабарлар)" деген сөздермен толықтырылсын;
7) және 9) тармақшалар алынып тасталсын;
1-тарау мынадай мазмұндағы 3-1 тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Электрондық құжаттармен алмасатын қатысушы осы жүйеге қызмет көрсететін орталық берген тіркеу куәлігі болған жағдайда Қазақстан Республикасында ақша төлемдері мен аударымдарын электрондық тәсілмен жүзеге асырады.";
2-тарау мынадай мазмұндағы 6-1 тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Электрондық сандық қол қоюды пайдалану Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.";
мемлекеттік тілдегі мәтіннің 19-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"Электрондық төлем құжатының түпнұсқалылығы жіберуші мен алушы арасында жасалған шартта және/немесе электрондық құжаттарды беруді жүзеге асыратын электрондық құжаттармен алмасу жүйесінің жұмыс істеу ережесінде белгіленген қауіпсіздік рәсімдерін алушының орындауы нәтижесінде электрондық қол қоюмен расталады және анықталады.".

2 2. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):

1 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде корреспонденттік шоттары бар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Б.Жәмішевке жүктелсiн.

4 4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

Қолданыстағы