Құжат мәтініне өту

"О внесении изменений и дополнений в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 21 ноября 2000 года N 264 "Об утверждении Правил консульской легализации"

Бұйрық · № 08-1/262 · қабылданған 07.09.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2000-n-264/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
"О внесении изменений и дополнений в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 21 ноября 2000 года N 264 "Об утверждении Правил консульской легализации" Күшін жойған Бұйрық ·№ 08-1/262 ·07.09.2006
06.12.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.12.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

"О внесении изменений и дополнений в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 21 ноября 2000 года N 264 "Об утверждении Правил консульской легализации"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 08-1/262 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
"О внесении изменений и дополнений в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 21 ноября 2000 года N 264 "Об утверждении Правил консульской легализации"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің "Консулдық заңдастыру Ережелерін бекіту туралы" 2000 жылғы 21 қарашадағы N 264 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
08-1/262
Қабылданған күні
07.09.2006
Көрсетілген редакция
06.12.2017 29899_281881.kaz
Соңғы өзгеріс
06.12.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V060004418_
ЭКБ идентификаторы
29899
Редакция идентификаторы
29899_281881
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 16:54

0 "Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің "Консулдық заңдастыру Ережелерін бекіту туралы" 2000 жылғы 21 қарашадағы N 264 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің "Консулдық заңдастыру ережелерін бекіту туралы" 2000 жылғы 21 қарашадағы N 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде N 1350 тіркелген, 2001 жылғы N 2 "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде" жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Консулдық заңдастыру ережелерінде:
барлық мәтін бойынша "консулдық мекемелер", "консулдық мекемелерде", "консулдық мекемелермен", "консулдық мекемеде", "шет елде" деген сөздер тиісінше "шет елдік мекемелер", "шет елдердегі мекемелерде", "шет елдердегі мекемелермен", "шетелдегі мекемелер", "шет елде" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бірінші абзацта "Консулдық заңдастыру" деген сөздерден кейін "(бұдан әрі - заңдастыру)" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацта "Консулдық" деген сөз алып тасталсын;
2, 3 және 5-тармақтарда "консулдық заңдастыру" деген сөздер "заңдастыру" деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші абзацындағы "консулдық заңдастыру" деген сөздер "заңдастыру" деген сөзбен ауыстырылсын;
келесі мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. Егер қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, құжаттар мен актілер заңдастыруға жатпайды.";
9 бен 10-тармақтарда "заңдарына" деген сөз "заңнамасына" деген сөзбен ауыстырылсын;
11-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі" деген сөздер "Консулдық қызмет департаменті" деген сөздермен ауыстырылсын;
16 тармақтағы "өкілдіктерде" деген сөздерден кейін "және Қазақстан Республикасында тіркелген консулдық мекемелерде" деген сөздермен ауыстырылсын;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Консулдың құжаттың немесе актінің аудармасын нотариалдық куәландыруы оның заңдастырылуына теңестірілмейді.";
25-тармақта "осы Нұсқаудың" деген сөздер "осы Ережелердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Консулдық қызмет департаменті және шет елдердегі мекемелері заңдастырудан өткен құжаттарды есепке алу бойынша реестрлерді жүргізеді (3-Қосымша)."
27-тармақта "Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң келiсуiмен бекiткен Қазақстан Республикасының Консулдық алымдар тарифiмен белгiленген" деген сөздер "Қазақстан Республикасының "Салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы" Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
28-тармақтағы "7-тармақта" деген сөздер "7 және 7-1 тармақтарда" деген сөздермен ауыстырылсын;
Осы Ережеге 1, 2-Қосымшалары осы бұйрықтың 1, 2-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын.
3-Қосымшада:
"3-Қосымша" деген сөздерден кейін "Консулдық заңдастыру Ережелеріне" деген сөздермен толықтырылсын;
тақырыбы келесі редакцияда жазылсын: "Заңдастырудан өткен құжаттарды есепке алу жөніндегі реестр".

2 2. Консулдық қызмет департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдасын және мемлекеттік тіркеуден кейін оның ресми жариялауын қамтамасыз етсін.

3 Консулдық қызмет департаментiнің заңдастыру жазуының үлгісі

3. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2006 жылғы 7 қыркүйектегі
N 08-1/262 бұйрығына
1-Қосымша
Консулдық заңдастыру
ережелеріне
1-Қосымша
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi
Консулдық қызмет департаментiнің заңдастыру жазуының үлгісі
Осы құжат Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментiнде заңдастырылды.
This document is legalized in Department of Consular Service of the Ministry of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan.
Бөлiм бастығы
Head of the section_____________________
қолы/signature
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2006 жылғы 7 қыркүйектегі
N 08-1/262 бұйрығына
2-Қосымша
Консулдық заңдастыру
ережелеріне
2-Қосымша
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің заңдастыру жазуының үлгісі
Осы құжат/document is
_______________________________заңдастырылды/legalized
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесінің атауы/
the name of the embassy of the Republic of Kazakhstan.
Консул/consul_____________________________________________
қызметтік тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты/
_____________________________________________
the of duties person
_____________________
қолы/signature

Қолданыстағы