О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 октября 2000 года № 1577
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 октября 2000 года № 1577
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қазандағы N 1577 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 675
- Қабылданған күні
- 08.05.2009
- Көрсетілген редакция
- 30.09.2010 AI45738_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.09.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P090000675_
- ЭКБ идентификаторы
- 45738
- Редакция идентификаторы
- AI45738_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:07
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қазандағы N 1577 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қазандағы N 1577 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 43, 510-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1 1) көрсетілген қаулыға қосымшада:
Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломын беру жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Әбдіқалықова - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлшара Наушақызы халықты әлеуметтік қорғау министрі,
төрағаның орынбасары
Сарбасов - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
Ақмәди Әділұлы әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және
әлеуметтік әріптестік департаментінің
директоры, хатшы;
мына:
"Құл-Мұхаммед - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Мұхтар Абрарұлы ақпарат министрі, төрағаның орынбасары"
деген жолдағы ", төрағаның орынбасары" деген сөздер алып тасталсын;
көрсетілген құрамнан Кәрібжанова Роза Сәмидоллақызы, Сапарбаев Бердібек Машбекұлы шығарылсын;
2 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломымен марапаттауға байланысты мәселелерді қарау жөніндегі ережеде:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Мәдени және гуманитарлық салалардағы үлесі неғұрлым басым болып табылатын ізденушілерге артықшылық беріледі.";
6, 8-тармақтарда "Мәдениет және ақпарат" деген сөздер "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын.