О внесении изменений и дополнений в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 21 ноября 2000 года № 263
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 21 ноября 2000 года № 263
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң 2000 жылғы 21 қарашадағы N 263 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 08-1/47
- Қабылданған күні
- 01.10.2002
- Көрсетілген редакция
- 19.01.2011 AI13569_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.01.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V020002044_
- ЭКБ идентификаторы
- 13569
- Редакция идентификаторы
- AI13569_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 22:48
0 Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң 2000 жылғы 21 қарашадағы N 263 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрінің 19.01.2011 № 08-1-1-1/13 бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 мамырдағы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiнiң, консулдық мекемелерiнiң және өкiлеттi өкiлдiктерiнiң Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерiне қатысты құжаттарды ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулығын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң 2000 жылғы 21 қарашадағы N 263 бұйрығына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Жоғарыда аталған бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiнiң, консулдық мекемелерiнiң және өкiлеттi өкiлдiктерiнiң Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерiне қатысты құжаттарды ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулыққа:
1) 15 тармақта:
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Шетелдiктер асырап алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын бала Қазақстан Республикасының азаматтығын өзi кәмелетке толғанға дейiн сақтайды.
Қазақстан Республикасы азаматтары асырап алған бала, асырап алушылардың екеуi де немесе асырап алушылардың бiреуi Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтығын өзi кәмелетке толғанға дейiн сақтайды.
Осы тармақтағы аталған баланың Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуына ол кәмелетке толғаннан кейiн және оның тiлегi бойынша ғана жол берiледi.";
2) 20 тармақтың 2) тармақшасында:
"бес" деген сөз "үш" деген сөзбен алмастырылсын;
"бесжылдық" деген сөз "үшжылдық" деген сөзбен алмастырылсын;
3) 37 тармақтағы "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi бекiтетiн Консулдық алымдардың тарифiмен" деген сөз "Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен" деген сөзбен алмастырылсын.