О внесении изменений в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 21 ноября 2000 года № 264 "Об утверждении Правил консульской легализации"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 21 ноября 2000 года № 264 "Об утверждении Правил консульской легализации"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің "Консулдық заңдастыру Ережелерін бекіту туралы" 2000 жылғы 21 қарашадағы № 264 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 08-1-1-1/463
- Қабылданған күні
- 17.10.2014
- Көрсетілген редакция
- 06.12.2017 84620_281879.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.12.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14IY009875
- ЭКБ идентификаторы
- 84620
- Редакция идентификаторы
- 84620_281879
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:17
0 Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің "Консулдық заңдастыру Ережелерін бекіту туралы" 2000 жылғы 21 қарашадағы № 264 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің «Консулдық заңдастыру ережелерін бекіту туралы» 2000 жылғы 21 қарашадағы № 264 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 1350 болып тіркелген, 2001 жылғы № 2 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Консулдық заңдастыру ережелерінде:
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі Заңына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардың, олардың филиалдарының және өкілдіктерінің құрылтайшылық құжаттары нотариалдық куәландырылған көшiрмелер түрiнде заңдастырылады.»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Осы Ережелерге сәйкес құжаттар мен актiлердi заңдастыру бойынша iс-қимылдар жасаған үшiн мүдделi жеке және заңды тұлғалардан «Салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес консулдық алым алынады.».