Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 21 ноября 2000 года № 264 «Об утверждении Правил консульской легализации»

Бұйрық · № 11-1-2/348 · қабылданған 20.08.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2000-no-264-ekb-93882/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 21 ноября 2000 года № 264 «Об утверждении Правил консульской легализации» Күшін жойған Бұйрық ·№ 11-1-2/348 ·20.08.2015
06.12.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.12.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 21 ноября 2000 года № 264 «Об утверждении Правил консульской легализации»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 11-1-2/348 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 21 ноября 2000 года № 264 «Об утверждении Правил консульской легализации»
Атауы (қаз.)
«Консулдық заңдастыру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің 2000 жылғы 21 қарашадағы № 264 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
11-1-2/348
Қабылданған күні
20.08.2015
Көрсетілген редакция
06.12.2017 93882_281887.kaz
Соңғы өзгеріс
06.12.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012087
ЭКБ идентификаторы
93882
Редакция идентификаторы
93882_281887
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:38

0 «Консулдық заңдастыру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің 2000 жылғы 21 қарашадағы № 264 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 43-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Консулдық заңдастыру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2000 жылғы 21 қарашадағы № 264 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1350 болып тіркелген, 2001 жылғы № 2 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Консулдық заңдастыру ережелерінде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы және құжаттар мен актілердi ұйымдары мен мекемелері шығарған мемлекет қатысушысы болып табылатын халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары шет мемлекеттiң ұйымдарынан және мекемелерiнен шығатын құжаттар мен актiлерді заңдастырылған жағдайда ғана қарауына қабылдайды.».

2 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:

1 1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Р.С. Жошыбаевқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы