Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в указы Президента Республики Казахстан от 21 апреля 2000 года № 378 "О некоторых вопросах Управления Делами Президента Республики Казахстан" и от 18 августа 2003 года № 1167 "О структуре Управления делами Президента Республики Казахстан"

Жарлық · № 196 · қабылданған 18.02.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2000-no-378-18-2003-no-1167/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в указы Президента Республики Казахстан от 21 апреля 2000 года № 378 "О некоторых вопросах Управления Делами Президента Республики Казахстан" и от 18 августа 2003 года № 1167 "О структуре Управления делами Президента Республики Казахстан" Қолданыста Жарлық ·№ 196 ·18.02.2016
18.02.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.02.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в указы Президента Республики Казахстан от 21 апреля 2000 года № 378 "О некоторых вопросах Управления Делами Президента Республики Казахстан" и от 18 августа 2003 года № 1167 "О структуре Управления делами Президента Республики Казахстан"

Қолданыста Жарлық ·№ 196 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в указы Президента Республики Казахстан от 21 апреля 2000 года № 378 "О некоторых вопросах Управления Делами Президента Республики Казахстан" и от 18 августа 2003 года № 1167 "О структуре Управления делами Президента Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы" 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 және "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының құрылымы туралы" 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1167 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
196
Қабылданған күні
18.02.2016
Көрсетілген редакция
18.02.2016 AI102846_0.kaz
Соңғы өзгеріс
18.02.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U1600000196
ЭКБ идентификаторы
102846
Редакция идентификаторы
AI102846_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:27

0 Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы" 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 және "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының құрылымы туралы" 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1167 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1 1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:

1 1) «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 20, 218-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы туралы ережеде:
15-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген адамдардың, сондай-ақ Конституциялық Кеңес, Жоғарғы Сот, Ұлттық Банк, Орталық сайлау комиссиясы, Жоғары Сот Кеңесі төрағаларының, Бас прокурордың, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағаларының, Іс Басқарушының, астананың, республикалық маңызы бар қалалар мен облыстар әкімдерінің, Конституциялық Кеңес, Орталық сайлау комиссиясы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мүшелерінің, Жоғары Сот Кеңесінің Аппарат басшысының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша - Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларының (бұдан әрі - қызмет көрсетілетін тұлғалар) қызметін көліктік және медициналық қамтамасыз ету;»;
17-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«14) қызмет бағыттары бойынша ішкі аудит жүзеге асыруға;»;
21-тармақта:
4), 5), 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) ведомстволық қарасты кәсіпорындардың басшыларын және олардың орынбасарларын тағайындайды;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ведомстволары мен ведомстволық қарасты кәсіпорындарының басшыларына қатысты тәртіптік жаза қолданады;»;
10) тармақша алып тасталсын;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ведомстволық қарасты кәсіпорындарының жарғыларын, ведомстволық қарасты кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың еңбекақы төлеу қорын және басшыларының лауазымдық жалақысын бекітеді;»;
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы мен оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдар тізбесінде он төртінші, он жетінші және он сегізінші абзацтар алып тасталсын;

2 2) «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1167 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 33, 323-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының құрылымында екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Ішкі аудит бөлімі».

2 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы