Об утверждении постановления Атырауского областного акимата от 21 августа 2001 года № 21 по Региональной Программе «Охрана здоровья матери и ребенка в Атырауской области на 2001-2005 годы» Қолданыста
Басқа 0
Атырау облысы әкімиатының 2001 жылғы 21 тамыздағы № 21 –ші «Атырау облысындағы ана мен бала денсаулығын қорғаудың 2001-2001 жылдарға арналған» аймақтық бағдарламасы бойынша қаулысын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқармасы туралы» Заңына сәйкес облыстық Мәслихаттың кезектен тыс XIV сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Атырау облыстық әкімиатының 2001 жылғы № 21-ші тамыздағы «Атырау облысындағы ана мен бала денсаулығын қорғаудың 2001-2001 жылдарға арналған» аймақтық бағдарламасы бойынша қаулысы бекітілсін.
Басқа 2
Атырау облыстық әкімиятының
2001 жылғы 21 тамыздағы
N 21 қаулысы
"Атырау облысындағы ана мен бала денсаулығын қорғаудың
2001-2005 жылдарға арналған"»аймақтық бағдарламасын
бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 мамырдағы N№630 "Қазақстан Республикасында ана мен бала денсаулығын қорғаудың 2001-2005 жылдарға арналған» аймақтық бағдарламасын бекіту туралы" қаулысына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі Агенттігінің 2001 жылғы 31 мамырдағы N№522 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 14 мамырдағы N№ 630 қаулысын жүзеге асыру туралы" бұйрығына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыстық әкімиятпен қабылданған Атырау облысындағы ана мен бала денсаулығын қорғаудың 2001-2005 жылдарға арналған» аймақтық бағдарламасы мен оны жүзеге асырудағы жоспар шаралары кезекті облыстық мәслихатқа бекітуге ұсынылсын (NN 1, 2 қосымшалар).
Тармақ 2
2. Қала және аудан әкімдеріне, іске кірген атқарушы органдар осы аймақтық бағдарламаның таралуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыстық қаржы басқармасына (А.ўжіғалиева) бөлінген 2001 жылдың қаражат шегінде және әрі қарай 2002-2005 жылдарға аймақтық бағдарламаны қаржылауды қарастырсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Ўкімінің орынбасары Т.Қ.Мүрсалиеваға жүктелсін.
Басқа 7. Кіріспе
Атырау облысы әкімиятының
2001 жылғы 21 тамыздағы
қаулысына N 1 қосымша
"Атырау облысындағы ана мен бала денсаулығын қорғаудың
2001-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы"
Аймақтық бағдарламаның паспорты
Атауы -
Атырау облысындағы ана мен бала денсаулығын қорғаудың
2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы
әзірлеу үшін негіз
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы
24 қазанда јазақстан Республикасы Парламенті
палаталарының бірлескен отырысында айтылған јазақстан
халқына Жолдауының туындайтын тапсырмалар
Негізгі -
әзірлеушілер Атырау облыстық білім және денсаулық сақтау
департаменттері
Мақсаты -
Бағдарламаның негізгі мақсаты ана мен баланың өмірі
мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, салааралық
ынтымақтастық жолымен сапалы медициналық көмек алу
үшін жағдайлар жасау болып табылады
Міндеттері - Облыстық, қалалық және аудандық деңгейлерде нақты
іс-шаралар жоспарлары және оларды орындаудың
мониторингтерін әзірленетін болады
Іске асыру тетіктері -
Емдеу-сауықтыру мекемелерінде материалдық техникалық
базаны нығайту, жаңа технология, диагностика және
емдеуді енгізу, мамандардың білім дәрежесін көтеру,
директивалық құжаттар дайындау.
Қаржыландыру көздері -
Жергілікті бюджет шығынынан бағдарламаны қаржымен
қамтамасыз ету
Күтілетін
нәтижелер -
әйелдер мен балалар денсаулығын жақсарту, облыстық демографиялық көрсеткіштері
Кіріспе
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығында "Қазақстан - 2030" жалпы даму стратегиясымен халықтың денсаулығы, соның ішінде ана мен баланың денсаулығының жақсаруы және нақты демографиялық саясат белгіленген.
Соңғы жылдар ішінде облысымызда нәрестелер мен аналар өлімінің жоғары көрсеткіштері сақталу жағдайында бала туу мен халықтың табиғи есімі төмендеді. Босану жасындағы әйелдер мен балалар денсаулығы (индексі 12 пайыз) нашарлады, ол уақытынан
бұрын тууға және уақытында босанудың 20 пайызға төмендеттіруіне соқтыруда.
Перинаталдық білім көрсеткіштері жоғары, нәрестелер өлімі көрсеткіші 60 пайыз құрайды. 2000 жылы ана өлімі көрсеткіші республикалық өлім көрсеткішінен 2 есе асып кетті. Нәресте өлімі жоғары көрсеткішпен тұр.
Көрсеткіштердің жақсаруы әлеуметтік-экономикалық жағдаймен қатар жаңа технологияның енуін, үнемі медицина қызметкерлерінің оқуын, жоспарлы да жедел акушер-гинекологиялық көмектің жақсаруын , жедел жағдайларда балаларға интенсивтік терапияны және жұқпалы ауруға қарсы профилактиканы талап етеді.
Тарау 1. 1. Ана мен бала денсаулығын қорғаудың қазіргі
жай-күйін талдау
1. Ана мен бала денсаулығын қорғаудың қазіргі
жай-күйін талдау
Атырау облысында әлеуметтік-экономикалық қайта ұйымдастыру кезеңінде, нәрестелер мен аналар өлімінің жоғары көрсеткіштері (1995 жылы бала туу 12 пайызға төмендеді) сақталу жағдайында бала туу халықтың табиғи өсімі төмендеді.
Ана мен бала денсаулық индексі төмендеуде. Ана мен бала өлімінің көрсеткіші жоғары деңгейде қалуда.
Бала өлімі арасында өлі туу көп, туғаннан кейінгі алғашқы тәуліктерде және нәрестелік кезеңде шетінеу өсіп отыр. Төмен дене салмағымен, дамудың туа біткен кемістіктерімен туған балалардың пайызы жоғары күйінде қалуда. Мұның бәрі ана мен нәрестенің үйлескен патологиясының өсуін сипаттайды.
Атырау облысында туу жасындағы әйелдер денсаулығының индексі төмен күйінде қалуды және бар-жоғы 12 пайыз құрайды, Азғыр өңірінде және Тайсойғанда 9 пайызға дейін. әйелдер ауруларының арасында әлеуметтік маңызды аурулардың үлес салмағы өсіп отыр.
Балалардың арасында сырқаттану өсіп отыр, жылма-жыл осы және басқа да аурулармен 60 мың бала сырқаттанады, 21 мың бала диспансерлік есепте тұр. Балалардың арасында тыныс алу органдарының ауруларымен, тамақтану, зат алмасуды бұзылуы, қан ауруы, жүйке ауруы, жұқпалы паразитарлық аурулары кездеседі. Көру, сөйлеу, есту және мүсін бұзылулары бар балалардың саны өсуде.
Облысымызда, әсіресе экологиялық жағынан қолайсыз аймақтардағы балалардың арасында тамақтану мен зат алмасудың бұзылуларымен, тұқым қуалаушылық факторларымен, оның ішінде туа біткен аномалиялармен байланысты аурулармен сырқаттану оқиғалары жиі кездесетін болды.
Селолық жерлерде ерте жастағы балалардың 75 пайызы қан аздығынан, психофизикалық дамуда кейін қалушылықтан, мешелден зардап шегеді. Облыста ана мен баланы сауықтыруға ешқандай жағдай жасалмаған, жазғы демалыс орындары жеткіліксіз. Мүгедек балалар саны
түспейді, тастанды балалар саны көбеюде.
Жабдықтарды сатып алу мен жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған мақсатты қаржыландырудың қиындығынан аналар мен балаларды қорғау ұйымдарының материалдық-техникалық базасы қанағаттанғысыз жағдайда болып отыр. Бұл балалармен және бала туу жасындағы әйелдермен профилактикалық жұмыс істеу тетіктерінде, емдеу-диагностикалық көмектің сапасында көрініс табады.
Тарау 2. 2. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
2. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты ана мен баланың өмірін, денсаулығын сақтауды және жақсартуды қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау; әйелдер мен балалардың арасындағы аурудың алдын алу және оны азайту; сапалы мамандырылған медициналық көмек көрсету жүйесін жақсарту; аналар мен балаларды оңалту және санитарлық сауықтыру; балалар мен бала тууға көмекші ұйымдардың жарақтандырылуын, материалдық-технологиялық базасын жақсарту болып табылады.
Негізгі міндеттерге:
Тармақша 1
1) Нарықтық қатынастар жағдайында ана мен бала денсаулығын қорғау саласындағы проблемаларды шешу жөніндегі шаралар мен тетіктерді әзірлеу;
Тармақша 2
2) Балалар мен бала тууға көмекші ұйымдардың материалдық-техникалық базасын қазіргі заманғы медициналық жабдықтармен және құралдармен жарақаттандыруды жақсарту;
Тармақша 3
3) Диагностика мен емдеудің қазіргі заманғы әдістеріне дипломға дейін және кейін жүйелі даярлау жолымен медицина қызметкерлерінің біліктілігін көтеру жатады.
Тарау 3. 3. Бағдарламаны іске асырудың негізгі
бағыттары және тетігі
3. Бағдарламаны іске асырудың негізгі
бағыттары және тетігі
Бағдарламаны іске асыру үшін белгіленген іс-шараларды кезең-кезеңмен орындауды көздейтін іс-шаралар жоспары әзірленді. Іс-шаралардың кешенділігі мемлекеттік және жергілікті басқару органдарының қызметін үйлестіруге мүмкіндік береді.
Бағдарлама мақсатында қол жеткізудің негізгі бағыттары мен басымдықтары:
Тармақша 1
1) әйелдер мен балаларды жүйелі алдын ала тексеруді кестелейтін және емдеу-диагностикалық көмектің сапасын жақсартуға бағытталған директивалық құжаттар дайындау;
Тармақша 2
2) денсаулық сақтаудағы балалар және әйелдерді босандыру қызметтерінің басымдылығы;
Тармақша 3
3) бағдарламаның ана мен бала денсаулығын қорғау ісіндегі негізгі мақсаттарын шешуге ведомствоаралық көзқарас;
Тармақша 4
4) балалар мен аналардың бастапқы және мамандырылған медициналық көмектің барлық деңгейлеріне қол жетушілігін қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) балалардың, жүкті әйелдер мен бала емізетін әйелдердің ұтымды тамақтануын қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар ұжымдары мен интернат ұйымдарында балаларды медициналық қамтамасыз етуді жетілдіру;
Тармақша 7
7) балалар мен аналарды оңалту мен сауықтырудың уақыттылығы;
Тармақша 8
8) экологиялық қолайсыз аймақтардың балалы аналарын атаулы сауықтыру;
Тармақша 9
9) отбасы мен қоғамның салауатты өмір салты, өсімпаздық денсаулықты қорғау, ана болудың қауіпсіздігі, балалар арасындағы аурулардың алдын алу мәселелері жөніндегі білімдерін тереңдету;
Тармақша 10
10) мектепке дейінгі және мектепке тәрбие жүйесіне валеология негіздерін оқыту;
Тармақша 11
11) осы бағдарламаны іске асырудағы нақты міндеттерді шешу үшін жергілікті кімет органдарымен, мемлекеттік, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 12
12) ана мен бала денсаулығын қорғау мәселесіндегіні проблемаларды насихаттау және шешу үшін халықтың қалың топтарын, қоғамдық ұйымдарды тарту;
Тармақша 13
13) өндірістегі әйелдердің еңбегін қорғау жөніндегі заңнама мөлшерінің сақталуына бақылау жасау болып табылады.
Тарау 4. 4. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері
4. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері
Бағдарламаны іске асыру 2001-2005 жылдары мынадай қаржы көздерінен жүзеге асырылатын болады:
Тармақ 1
1. Республикалық, облыстық және жергілікті бюджеттің қаражаты;
Тармақ 2
2. Бюджеттен тыс қаражат көздері (гранттар, қор қаражаты және басқа да инвестициялар).
Атырау облысындағы ана мен бала денсаулығын қорғаудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыруға жергілікті бюджеттен болжамды қаржылық шығындары
(мың теңгемен)
қаражат
2001 ж.
2002 ж.
2003 ж.
2004 ж.
2005 ж.
Жергілікті бюджет, соның ішінде:
134 497
268 106
365 639
105 250
15 250
Денсаулық сақтау:
103 885
160 250
35 250
105 250
15 250
Білім беру
30 612
107 856
330 389
2001 жылы бағдарламаны мемлекеттік бюджеттен іске асыру республикалық және жергілікті бюджеттерде бекітілген қаражаттың шегінде жүзеге асырылатын болады.
2002-2003 жылдары іс-шараларды іске асыру үшін қажетті бюджет қаражатының көлемі қаржы жылына тиісті бюджеттердің жобаларын әзірлеу және қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.
2002-2005 жылдары іс-шараларды іске асыру үшін қажетті бюджет қаражатының көлемі қаржы жылына тиісті бюджеттердің жобаларын әзірлеу және қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.
Тарау 5. 5. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
5. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Бағдарламаны іске асырудың нәтижесінде өзінің басым бағытымен және қаржыландырудың орталықтандырылуымен бірге ана мен бала денсаулығын қорғаудың тұрақты жұмыс істейтін жүйесі қалыптасатын болады.
Ана мен бала денсаулығын қорғаудағы проблемаларды шешу:
Тармақша 1
1) әйелдер мен балалар арасындағы сырқаттануды азайтуды, балалардың психофизикалық дамуын жақсартуды, халықтың денсаулық жағдайын жақсартуды;
Тармақша 2
2) ана, нәресте және бала өлімінің деңгейін төмендетуді;
Тармақша 3
3) балалар мен аналарға медициналық кЈмектің қол жетушілігін қамтамасыз етуді және сапасын жақсартуды;
Тармақша 4
4) республикада әйелдер мен балаларды медициналық қамтамасыз етудің мамандырылған қызметкерлерін дамытуды;
Тармақша 5
5) балалар мүгедектігін азайту және оңалту көмектерін дамытуды;
Тармақша 6
6) балалар мен әйелдерге санаториялық және оңалту көмектерін дамытуды;
Тармақша 7
7) оқыту және әйелдер мен балаларды емдеудің қазіргі заманғы, тиімді және шығыны аз әдістерін практикалық қызметке енгізу кезінде акушер-гинекологтар мен педиатрлардың жалпы практика дәрігерлерінің, басқа да мамандырылған дәрігерлердің біліктілігін арттыруды көздейді.