О внесении изменения и дополнения в нормативное постановление Верховного Суда Республики Казахстан от 21 июня 2001 года № 3 "О применении судами законодательства о возмещении морального вреда"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в нормативное постановление Верховного Суда Республики Казахстан от 21 июня 2001 года № 3 "О применении судами законодательства о возмещении морального вреда"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы" 2001 жылғы 21 маусымдағы № 3 нормативтік қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3
- Қабылданған күні
- 20.03.2003
- Көрсетілген редакция
- 27.11.2015 AI15032_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.11.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P03000003S_
- ЭКБ идентификаторы
- 15032
- Редакция идентификаторы
- AI15032_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 22:22
0 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы" 2001 жылғы 21 маусымдағы № 3 нормативтік қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2015 № 7 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
"Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының қолданылу мәселелерін түсіндіру қажеттігі туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2003 жылғы 24 қаңтардағы № 9 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
1 1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы" 2001 жылғы 21 маусымдағы № 3 нормативтік қаулысының 8-тармағына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1
1) бірінші абзацта "Қазақстан Республикасының азаматтарының жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (2001 жылдың 19 қаңтардағы Заңымен енгізілген өзгерістерімен бірге) 1999 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Заңның 22-бабының қолданылуы 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды" деген сөздер алынып тасталсын;
2
2) мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: "Соттар "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңның 26-бабындағы осы Заңның 18-24-баптарының күшінің Заң күшіне енгенге дейін ақталған жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына қолданылатыны туралы нұсқауын Заң қабылданғаннан кейін ақталған адамдардың құқықтарын шектеместен 18-24-баптардың қолданылуына кері күш береді деп түсіну қажет.".