Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 августа 2002 года N 932

Қаулы · № 1016 · қабылданған 30.09.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2002-n-932/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 августа 2002 года N 932 Күшін жойған Қаулы ·№ 1016 ·30.09.2004
04.10.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 августа 2002 года N 932

Күшін жойған Қаулы ·№ 1016 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 августа 2002 года N 932
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 21 тамыздағы N 932 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1016
Қабылданған күні
30.09.2004
Көрсетілген редакция
04.10.2023 21409_658885.kaz
Соңғы өзгеріс
04.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P040001016_
ЭКБ идентификаторы
21409
Редакция идентификаторы
21409_658885
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:38

0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 21 тамыздағы N 932 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

"Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасының радиожиiлiк спектрiн пайдаланудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 21 тамыздағы N 932 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 23, 311-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) Радиожиiлiк спектрiн пайдалана отырып, байланыс саласындағы қызметтердi көрсету жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырғаны үшiн төленетiн бiр жолғы төлем мөлшерiн белгiлеу ережесi;";
көрсетiлген қаулы осы қаулының қосымшасына сәйкес Радиожиiлiк спектрiн пайдалана отырып, байланыс саласындағы қызметтердi көрсету жөніндегi кәсіпкерлік қызметтi жүзеге асырғаны үшiн төленетiн бiр жолғы төлем мөлшерiн белгiлеу ережесiмен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

0 Радиожиiлiк спектрiн пайдалана отырып, байланыс саласындағы қызметтердi көрсету жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырғаны үшiн төленетiн бір жолғы төлем мөлшерiн белгілеу ережесi

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 1 қазандағы
N 1016 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 21 шілдедегі
N 932 қаулысымен
бекітілген
Радиожиiлiк спектрiн пайдалана отырып, байланыс саласындағы қызметтердi көрсету жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырғаны үшiн төленетiн бір жолғы төлем мөлшерiн белгілеу ережесi

1. Радиожиілiк спектрiн пайдалана отырып, байланыс саласындағы қызметтердi көрсету жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырғаны үшiн бiр жолғы төлем (бұдан әрi - бiр жолғы төлем) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес байланыс саласындағы уәкілеттi орган өткiзетiн конкурс (аукцион) қорытындылары бойынша анықталады.

2. Радиожиілiк спектрiнiң номиналдары (белдеулерi, диапазондары) (бұдан әрi - радиожиілiк спектрiнiң номиналдары) үшін бастапқы бағаны конкурс (аукцион) өткiзу жөнiндегi комиссия анықтайды, бiрақ Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн радиобайланыстың тиiстi түрiнiң радиожиілiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төленетін төлемнiң жылдық ставкасынан кем болмауы керек.

3. Конкурс өткiзiлетiн жағдайда бiр жолғы төлем бастапқы бағаны құрайды.

4. Аукцион өткiзiлген кезде бiр жолғы төлемнiң мөлшерi байланыс саласындағы уәкілеттi орган бөлген, радиожиiлiк спектрiнiң номиналдарына қатысушы ұсынған неғұрлым жоғары баға негiзiнде анықталады.

5. Бiр жолғы төлемдi конкурс (аукцион) жеңiмпазы қорытынды шешiм шығарылғаннан кейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей салық төлеушiнiң тiркеу есебiнiң орны бойынша мемлекеттік бюджетке төлейдi.

Қолданыстағы