О внесении изменений и дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 21 февраля 2002 года № 103 "Об утверждении Инструкции по осуществлению подразделениями дорожной полиции государственного надзора и контроля за соблюдением правил, нормативов и стандартов в сфере дорожной деятельности и совершенствованию организации дорожного движения"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 21 февраля 2002 года № 103 "Об утверждении Инструкции по осуществлению подразделениями дорожной полиции государственного надзора и контроля за соблюдением правил, нормативов и стандартов в сфере дорожной деятельности и совершенствованию организации дорожного движения"
- Атауы (қаз.)
- "Жол полициясы бөлімшелерінің жол қызметі саласындағы ережелердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруды және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіруі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 21 ақпандағы № 103 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 88
- Қабылданған күні
- 23.02.2011
- Көрсетілген редакция
- 15.10.2015 AI57797_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.10.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1100006802
- ЭКБ идентификаторы
- 57797
- Редакция идентификаторы
- AI57797_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:05
0
"Жол полициясы бөлімшелерінің жол қызметі саласындағы ережелердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруды және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіруі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 21 ақпандағы № 103 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Жол полициясы бөлімшелерінің жол қызметі саласындағы ережелердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруды және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіруі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 21 ақпандағы № 103 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1797 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, № 16, 575-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың 2-тармағында «Астана қаласы ІІБ-нің, Алматы қаласы ІІББ-нің, облыстардағы ІІББ-ІІБ-нің» деген сөздер «Астана, Алматы қалалары және облыстардағы ішкі істер департаментінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жол полициясы бөлімшелерінің жол қызметі саласындағы ережелердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруды және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіруі жөніндегі нұсқаулықта:
барлық мәтiн бойынша «департаменті», «департаментінің» деген сөздер «комитеті», «комитетінің» деген сөздермен, ал «Астана қаласы Ішкі істер басқармасының (бұдан әрі - ІІБ), Алматы қаласының Ішкі істер бас басқармасының (бұдан әрі - ІІББ), облыстардағы ІІББ-ІІБ-ның» деген сөздер «Астана, Алматы қалалары және облыстардағы ІІД-нің» деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақтың 2) тармақшасында «(бөлімшелері, топтары)» деген сөздерден кейін «үш жұмыс күні ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
54-тармақтың 1) тармақшасында «бөлімшесі» деген сөзден кейін «бес жұмыс күні ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
54-тармақтың 2) тармақшасында «(бөлімшесі, тобы)» деген сөздерден кейін «үш жұмыс күні ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
58-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген жолағында қызмет көрсету және сыртқы (визуалды) жарнама объектілерін орналастыруға арналған паспортты жол қызметі береді және жол полициясы бөліністерімен бес жұмыс күні ішінде келіседі.».
2 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары генерал-майор А.Ж. Күреңбековке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетіне (Н.И. Калашников) жүктелсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті (Н.И. Калашников) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдасын.
4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрі
_________ Ә.Қ. Құсайынов
2011 жылғы 10 наурыз