О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 21 августа 2002 года № 932 и от 30 декабря 2003 года № 1355
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 21 августа 2002 года № 932 и от 30 декабря 2003 года № 1355
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 21 тамыздағы № 932 және 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1355 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1044
- Қабылданған күні
- 18.10.2005
- Көрсетілген редакция
- 04.10.2023 25578_658881.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P050001044_
- ЭКБ идентификаторы
- 25578
- Редакция идентификаторы
- 25578_658881
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:18
0 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 21 тамыздағы N 932 және 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 1355 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1 1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1
2 2) "Байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигiн жасау және ұшырудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 1355 қаулысында :
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Қоғам мыналарды ұйымдастыру жөнiндегi уәкілетті ұйым болып белгiленсiн:
1) ұлттық ғарыштық байланыс және хабар тарату аппараттарын және олардың ұшуын жерден басқару кешенiн пайдалану;
2) электр магниттік үйлесімділікті есептеудi жүргiзудi қоса алғанда, азаматтық мақсаттағы радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электр магниттiк үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз ету.";
3-тармақта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Мыналар қоғам қызметiнiң негiзгi түрлерi болып белгіленсiн" деген сөздер "Жүктелген өкiлеттiктердi iске асыру үшiн Қоғам мынадай қызметтi жүзеге асырады" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) халықаралық шарттар негізiнде байланыс мәселелерi бойынша халықаралық қызметтi жүзеге асыруға қатысу";
8-тармақта:
"Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлігі" деген сөздерден кейiн ", Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазсат" акционерлiк қоғамы мен Жеткiзушi арасындағы Келiсiм-шарт бойынша мiндеттемелер аяқталғаннан кейiн ұлттық геостационарлық байланыс және хабар тарату спутнигін, бiрге жүретiн ғарыштық аппараттарды жерден басқару кешенiн және байланыс мониторингi жүйесiн иелену және пайдалану құқығын Қоғамға берудi";
10-тармақта:
"Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттігі," деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi," деген сөздермен толықтырылсын;
"Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын.