О внесении дополнений и изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 апреля 2003 года № 137 "Об утверждении Правил осуществления деятельности по управлению инвестиционным портфелем"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений и изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 апреля 2003 года № 137 "Об утверждении Правил осуществления деятельности по управлению инвестиционным портфелем"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" 2003 жылы 21 сәуірдегі N 137 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 97
- Қабылданған күні
- 15.04.2006
- Көрсетілген редакция
- 30.04.2010 AI27786_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.04.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V060004230_
- ЭКБ идентификаторы
- 27786
- Редакция идентификаторы
- AI27786_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 17:35
0 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" 2003 жылы 21 сәуірдегі N 137 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына және "Секьюритилендіру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 137 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2335 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298 қаулысымен енгізілген өзгерістермен бірге ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3230 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
кіріспеде "Қазақстан Республикасының Заңдарына" деген сөздерден кейін ", "Секьюритилендіру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына " деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру ережесiнде:
кіріспеде "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздерден кейін ", "Секьюритилендіру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына " деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта:
9) тармақшада "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
"10) басқарушы агент - инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияның негізінде, бөлінген активтер бойынша арнайы қаржы компаниясының уақытша бос түсімдерді инвестициялау жөніндегі қызметін көрсететін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы;
11) арнайы қаржы компаниясы - секьюритилендірудің бір немесе бірнеше мәмілесін жүзеге асыру, сондай-ақ бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялау үшін "Секьюритилендіру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын заңды тұлға.";
5-тармақта:
бірінші абзац ", клиентінің шотында" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац "клиентінің шотында" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:
"4-1-тарау. Арнайы қаржы компаниясының жаңа басқарушы агентке берілетін активтерін салыстырып тексеру рәсімін жүргізу тәртібі
32-1. Арнайы қаржы компаниясының жаңа басқарушы агентке берілетін активтерін салыстырып тексеруді кастодиан-банктің, басқарушы агенттің және арнайы қаржы компаниясының уәкілетті өкілдері жүзеге асырады.
32-2. Жаңа басқарушы агентке берілетін активтерді салыстырып тексеру үшін:
1) берілетін активтердің тізбесі;
2) салыстырып тексеру актісі;
3) берілетін құжаттардың тізбесі жасалады.
Берілетін активтерге салыстырып тексеру сәтіне басқарудағы активтер кіреді.
32-3. Инвестициялық басқарудың барлық кезеңінде жаңа басқарушы агентке берілетін активтерді салыстырып тексеру кезінде:
1) басқарушы агенттің бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын (жүзеге асырған) ұйымдарға арнайы қаржы компаниясының активтері есебінен бағалы қағаздармен мәмілелер жасасуға берген тапсырмаларының көшірмелері;
2) бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын (жүзеге асырған) ұйымдардың басқарушы агенттің арнайы қаржы компаниясының активтері есебінен бағалы қағаздармен мәмілелер жасасуға тапсырмаларын орындауы туралы есептерінің көшірмелері;
3) басқарушы агент арнайы қаржы компаниясының активтері есебінен бағалы қағаздармен өз бетімен мәмілелер жасасқан кезде - мұндай мәмілелердің жасалуын растайтын құжаттардың көшірмелері;
4) инвестициялық шоттан кастодиан-банк берген үзінді жазбалардың көшірмелері;
5) арнайы қаржы компаниясының "депо" қосалқы шотынан "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ берген үзінді жазбалардың көшірмелері;
6) арнайы қаржы компаниясының берілетін активтерін салыстырып тексеру күніне арнайы қаржы компаниясының активтері есебінен екінші деңгейдегі банктермен жасалған қолданыстағы банктік салым шарттарының түпнұсқалары;
7) мерзімі арнайы қаржы компаниясының берілетін активтерін салыстырып тексеру күніне өтіп кеткен арнайы қаржы компаниясының активтері есебінен екінші деңгейдегi банктермен жасалған банктiк
салым шарттарының көшiрмелерi;
8) басқарушы агенттiң арнайы қаржы компаниясының активтерiн инвестициялық басқаруға қатысты өзге құжаттар берiледi.
32-4. Салыстырып тексеру қорытындылары бойынша салыстырып тексеру актiсi жасалады әрi онда:
1) бағалы қағаздардың ұлттық бiрегейлендiру нөмiрлерiн көрсете отырып олардың саны (данамен) туралы;
2) депонент-банктердiң атауын, салым сомаларын, банктiк салым шартының жасалу күнi мен оның нөмiрiн, салым мерзiмiн, сыйақы ставкаларын көрсете отырып екiншi деңгейдегi банктердегi салымдар туралы;
3) инвестициялық шоттардағы теңгемен және шетел валютасында ақша қозғалысы туралы;
4) қаржы құралдарының сатып алу құны туралы;
5) инвестициялардың ағымдағы құны туралы;
6) әрбiр қаржы құралы бойынша есептелген және алынған инвестициялық кiрiстiң сомасы туралы;
7) комиссиялық сыйақы сомасы туралы;
8) инвестициялық шоттардағы ақша қалдығы туралы;
9) инвестициялық қызметке қатысты берiлетiн құжаттардың түпнұсқалары туралы ақпарат;
10) инвестициялық қызметке қатысты өзге де мәлiметтер болады.
32-5. Салыстырып тексеру актiсi:
1) бiр данадан арнайы қаржы компаниясы, жаңа басқарушы агент, басқарушы агент, кастодиан-банк, уәкiлеттi орган үшiн бес дана етiп
инвестициялық портфельдi басқару шартын бұзу күнiне жасалады;
2) арнайы қаржы компаниясының, басқарушы агенттiң және жаңа басқарушы агенттiң бiрiншi басшылары мен бас бухгалтерлерi қол қояды;
3) арнайы қаржы компаниясының, басқарушы агенттiң және жаңа басқарушы агенттiң мөрiмен бекiтiледi;
4) кастодиан-банктiң оның бiрiншi басшысының немесе арнайы қаржы компаниясының активтерiне кастодиандық қызмет көрсететiн бөлiмшеге жетекшiлiк ететiн басшы қызметкерiнiң қолымен және кастодиан-банктiң мөрiмен бекiтiлген салыстырып тексеру актiсi деректерiнiң дұрыстығы туралы белгiсi болуы тиiс.
32-6. Осы Ереженiң 32-4 және 32-5 тармақтарының шарттарына сәйкес ресiмделген салыстырып тексеру актiсiнiң нұсқасы оған қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға ұсынылады.".