Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения и изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 апреля 2003 года № 137 "Об утверждении Правил осуществления деятельности по управлению инвестиционным портфелем"

Қаулы · № 69 · қабылданған 30.03.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2003-no-137-ekb-33005/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении дополнения и изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 апреля 2003 года № 137 "Об утверждении Правил осуществления деятельности по управлению инвестиционным портфелем" Күшін жойған Қаулы ·№ 69 ·30.03.2007
30.04.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнения и изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 апреля 2003 года № 137 "Об утверждении Правил осуществления деятельности по управлению инвестиционным портфелем"

Күшін жойған Қаулы ·№ 69 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения и изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 апреля 2003 года № 137 "Об утверждении Правил осуществления деятельности по управлению инвестиционным портфелем"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 137 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
69
Қабылданған күні
30.03.2007
Көрсетілген редакция
30.04.2010 AI33005_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.04.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V070004641_
ЭКБ идентификаторы
33005
Редакция идентификаторы
AI33005_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:54

0 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 137 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы

"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 2-тармағы 8) тармақшасына, 69-бабының 1-тармағына, "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 137 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2335 тіркелген) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде N 2335 тіркелген Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 137 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 25 қазандағы N 298 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3230 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық және басқа мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2005 жылғы N 9-13, 42 құжатында жарияланған), "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 137 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 97 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4230 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 137 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 12 тамыздағы N 149 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4392 тіркелген, 2006 жылғы 29 қыркүйектегі "Юридическая газета" N 174 (1154) газетінде жарияланған) енгізілген өзгерістері мен толықтырулармен бірге мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесі:
мынадай мазмұндағы 5-2 тармақпен толықтырылсын:
"5-2. Қазақстан Республикасының резиденті емес клиенттерінің шетелдік қаржы құралдарының және ақшасының есепке алуы мен сақталуы "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабы 1-тармағымен анықталған функцияларды жүзеге асыратын, ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді жеке рейтингі "А-" санатынан ("Standard & Poor's" и "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "АЗ" санатынан ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) төмен емес шетелдік есепке алу ұйымдарымен жүзеге асырылуы мүмкін.
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Қазақстан Республикасының резиденті емес клиенттің қаржы құралдарының және ақшасының есепке алуы және сақталуы шетелдік есепке алу ұйымымен жүзеге асырылған жағдайда басқарушы ол туралы уәкілетті органға хабарлайды.
Қаржы құралдарын және ақшаны есепке алу және сақтау шартында мыналар белгіленеді:
1) басқарушының айына бір реттен кем емес өзінің есепке алу жүйесі деректерінің шетелдік есепке алу ұйымының деректеріне сәйкестігін салыстырып тексеру, шетелдік есепке алу ұйымының резидент емес клиенттердің жеке шоттарынан үзінді көшірмелерін және оның шоты бойынша қаржы құралдарының қозғалысы туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімі;
2) басқарушының, уәкілетті органның сұратуы бойынша кез келген уақытта резидент емес клиенті жөнінде, қаржы құралдары және оның шотындағы ақша туралы, сондай-ақ олардың қозғалысы туралы мәліметтерді ұсыну шетелдік есепке алуы ұйымының міндеті.".

2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

3 3. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):

1 1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін шараларды қолға алсын;

2 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалардың бірлестігіне жіберсін.

4 4. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.

Қолданыстағы