Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 апреля 2003 года № 137 "Об утверждении Правил осуществления деятельности по управлению инвестиционным портфелем"

Қаулы · № 59 · қабылданған 27.03.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2003-no-137/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 апреля 2003 года № 137 "Об утверждении Правил осуществления деятельности по управлению инвестиционным портфелем" Күшін жойған Қаулы ·№ 59 ·27.03.2009
30.04.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 апреля 2003 года № 137 "Об утверждении Правил осуществления деятельности по управлению инвестиционным портфелем"

Күшін жойған Қаулы ·№ 59 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 апреля 2003 года № 137 "Об утверждении Правил осуществления деятельности по управлению инвестиционным портфелем"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 137 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
59
Қабылданған күні
27.03.2009
Көрсетілген редакция
30.04.2010 AI45290_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.04.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V090005634_
ЭКБ идентификаторы
45290
Редакция идентификаторы
AI45290_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:31

0 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 137 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Бағалы қағаздар нарығын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 137 қаулысына

( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2335 тіркелген ) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2335 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 137 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 25 қазандағы N 298 қаулысымен ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3230 тіркелген, 2005 жылы Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, N 9-13, 42-құжат ), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 137 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 97 қаулысымен ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4230 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 137 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 12 тамыздағы N 149 қаулысымен ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4392 тіркелген, "Заң газеті" газетінің 2006 жылғы 29 қыркүйектегі N 174 (1154) санында жарияланған), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 137 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы N 69 қаулысымен ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4641 тіркелген, 2007 жылы наурыз-сәуірде Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2007 жылғы 1 шілдедегі "Заң газеті" газетінің N 82 (1285) санында жарияланған), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 137 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 29 қазандағы N 167 қаулысымен ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5373 тіркелген) енгізілген өзгерістерімен және толықтырулармен бірге мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру ережесiнде:
барлық мәтін бойынша "қаржылық есепті", "қаржылық есептілікті", "қаржылық есептілігін", "қаржылық есептілігі" деген сөздер "кірістер мен шығындар туралы бухгалтерлік балансты және есепті", "кірістер мен шығындар туралы бухгалтерлік балансын және есебін", "кірістер мен шығындар туралы бухгалтерлік балансы және есебі" деген сөздермен ауыстырылсын;
25-3-тармақта:
"бесінші жұмыс күнінен" деген сөздер "соңғы күннен" деген сөздермен ауыстырылсын.

2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

3 3. Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде өзінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.

4 4. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):

1 1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;

2 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне және "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне жіберсін.

5 5. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

Қолданыстағы