Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 апреля 2003 года № 138 "Об утверждении типовых договоров о пенсионном обеспечении за счет обязательных, добровольных и добровольных профессиональных пенсионных взносов"

Қаулы · № 169 · қабылданған 29.10.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2003-no-138/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 апреля 2003 года № 138 "Об утверждении типовых договоров о пенсионном обеспечении за счет обязательных, добровольных и добровольных профессиональных пенсионных взносов" Күшін жойған Қаулы ·№ 169 ·29.10.2008
27.02.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.02.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 апреля 2003 года № 138 "Об утверждении типовых договоров о пенсионном обеспечении за счет обязательных, добровольных и добровольных профессиональных пенсионных взносов"

Күшін жойған Қаулы ·№ 169 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 апреля 2003 года № 138 "Об утверждении типовых договоров о пенсионном обеспечении за счет обязательных, добровольных и добровольных профессиональных пенсионных взносов"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарттарын бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 138 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
169
Қабылданған күні
29.10.2008
Көрсетілген редакция
27.02.2009 AI42804_2.kaz
Соңғы өзгеріс
27.02.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V080005400_
ЭКБ идентификаторы
42804
Редакция идентификаторы
AI42804_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:41

0 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарттарын бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 138 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметінің айқындылығын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарттарын бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 138 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2345 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2345 тіркелген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарттарын бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 138 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 113 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2860 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2004 жылы жарияланған N 29-32, 974-құжат, 2005 жылғы 2 қыркүйекте "Заң газеті" газетінде N 96-97 (721) санында жарияланған), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2345 тіркелген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарттарын бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 138 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2004 жылғы 25 қазандағы N 306 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3229 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің Бюллетенінде 2005 жылы жарияланған N 9-13, 41-құжат), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарттарын бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 138 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 28 мамырдағы N 166 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3721 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарттарын бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 138 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және жинақтаушы зейнетақы қорының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның және кастодиан банктің акционерлері туралы ақпараттың көлемін айқындау туралы" 2005 жылғы 26 қарашадағы N 416 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3986 тіркелген, 2006 жылғы 20 қаңтарда "Заң газеті" газетінде N 8-9 (815) санында жарияланған), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарттарын бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 138 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 70 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4212 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы N 155 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4803 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де Орталық мемлекеттік органдары актілерінің жинағында 2007 жылы шілдеде-тамызда жарияланған) енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге мынадай толықтырулар енгізілсін:
1-қосымшада:
Міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шартта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
"11-1) Салымшының/Алушының өтініші бойынша бағалы қағаздардың атауы мен санын, сондай-ақ Қордың зейнетақы активтерінің жалпы сомасына аталған бағалы қағаздарға салынған инвестициялардың пайыздық ара қатынасын көрсете отырып, Қордың инвестициялық портфелінің құрылымы туралы ақпаратты ұсынуға;";
3-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында бағалы қағаздардың атауы мен санын, сондай-ақ Қордың зейнетақы активтерінің жалпы сомасына аталған бағалы қағаздарға салынған инвестициялардың пайыздық ара қатынасын көрсете отырып, Қордың инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жариялауға;";
2-қосымшада:
Ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шартта (жеке тұлға болып табылатын Салымшы үшін):
2-тармақ мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
"10-1) Салымшының/Алушының өтініші бойынша бағалы қағаздардың атауы мен санын, сондай-ақ Қордың зейнетақы активтерінің жалпы сомасына аталған бағалы қағаздарға салынған инвестициялардың пайыздық ара қатынасын көрсете отырып, Қордың инвестициялық портфелінің құрылымы туралы ақпаратты ұсынуға;";
3-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында бағалы қағаздардың атауы мен санын, сондай-ақ Қордың зейнетақы активтерінің жалпы сомасына аталған бағалы қағаздарға салынған инвестициялардың пайыздық ара қатынасын көрсете отырып, Қордың инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жариялауға;";
Ерікті зейнетақы жарналарының есебінен үшінші тұлғаның пайдасына зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шартта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
"10-1) Салымшының/Алушының өтініші бойынша бағалы қағаздардың атауы мен санын, сондай-ақ Қордың зейнетақы активтерінің жалпы сомасына аталған бағалы қағаздарға салынған инвестициялардың пайыздық ара қатынасын көрсете отырып, Қордың инвестициялық портфелінің құрылымы туралы ақпаратты ұсынуға;";
3-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында бағалы қағаздардың атауы мен санын, сондай-ақ Қордың зейнетақы активтерінің жалпы сомасына аталған бағалы қағаздарға салынған инвестициялардың пайыздық ара қатынасын көрсете отырып, Қордың инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жариялауға;";
3-қосымшада:
Ерікті кәсіби зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шартта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
"10-1) Салымшының/Алушының өтініші бойынша бағалы қағаздардың атауы мен санын, сондай-ақ Қордың зейнетақы активтерінің жалпы сомасына аталған бағалы қағаздарға салынған инвестициялардың пайыздық ара қатынасын көрсете отырып, Қордың инвестициялық портфелінің құрылымы туралы ақпаратты ұсынуға;";
3-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында бағалы қағаздардың атауы мен санын, сондай-ақ Қордың зейнетақы активтерінің жалпы сомасына аталған бағалы қағаздарға салынған инвестициялардың пайыздық ара қатынасын көрсете отырып, Қордың инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жариялауға;".

2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

3 3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):

1 1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;

2 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, жинақтаушы зейнетақы қорларына, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

4 4. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

Қолданыстағы