Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 апреля 2003 года № 376

Қаулы · № 215 · қабылданған 30.03.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2003-no-376-ekb-26896/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 апреля 2003 года № 376 Күшін жойған Қаулы ·№ 215 ·30.03.2006
01.09.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 апреля 2003 года № 376

Күшін жойған Қаулы ·№ 215 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 апреля 2003 года № 376
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 21 сәуiрдегi № 376 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
215
Қабылданған күні
30.03.2006
Көрсетілген редакция
01.09.2015 AI26896_2.kaz
Соңғы өзгеріс
01.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P060000215_
ЭКБ идентификаторы
26896
Редакция идентификаторы
AI26896_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:40

0 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 21 сәуiрдегi N 376 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1

1. "Табиғи монополия субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiтуге берiлген өтiнiмдердi қарау кезiнде жария тыңдаулар өткiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 21 сәуiрдегi N 376 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 17, 177-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
тақырыбындағы және 1-тармақтағы "табиғи монополия" деген сөздер "табиғи монополиялар" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Табиғи монополия субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiтуге берiлген өтiнiмдердi қарау кезiнде жария тыңдаулар өткiзу ережесiнде:
тақырыбындағы, 2, 3-тармақтардағы және 4-тармақтың 2) тармақшасындағы "табиғи монополия субъектiлерiнiң", "табиғи монополия субъектiлерi" деген сөздер тиiсiнше "табиғи монополиялар субъектiлерiнiң", "табиғи монополиялар субъектiлерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта:
"10" деген сандар "он бес" деген сөздермен ауыстырылсын;
"ресми бұқаралық ақпарат құралдарында" деген сөздер "мерзiмдi баспасөз басылымдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақта:
1) тармақшада:
"он бес" деген сөздер "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
"түпкiлiктi" деген сөз алынып тасталсын;
2) тармақшада:
"жетi" деген сөз "он бес" деген сөздермен ауыстырылсын;
"түпкiлiктi" деген сөз алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8-2-тармақпен толықтырылсын:
"8-2. Табиғи монополия субъектiсi жария тыңдауларды өткiзу күнi туралы ақпарат жарияланғаннан кейiн жария тыңдауларға қатысушылардың талабы бойынша:
реттелетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған тарифтiк сметалардың, тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң жобаларын;
экономикалық жағынан негiзделген есептемелерi бар реттелетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн арттыру себептерi туралы ақпаратты ұсынады.";
13-1-тармақ алынып тасталсын.

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы