О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 апреля 2003 года № 376 "Об утверждении Правил проведения публичных слушаний при рассмотрении заявок на утверждение тарифов (цен, ставок сборов) или их предельных уровней на регулируемые услуги (товары, работы) субъектов естественных монополий"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 апреля 2003 года № 376 "Об утверждении Правил проведения публичных слушаний при рассмотрении заявок на утверждение тарифов (цен, ставок сборов) или их предельных уровней на регулируемые услуги (товары, работы) субъектов естественных монополий"
- Атауы (қаз.)
- "Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiтуге берiлген өтiнiмдердi қарау кезiнде жария тыңдаулар өткiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 376 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1368
- Қабылданған күні
- 30.10.2012
- Көрсетілген редакция
- 01.09.2015 AI68330_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.09.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200001368
- ЭКБ идентификаторы
- 68330
- Редакция идентификаторы
- AI68330_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:03
0
"Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiтуге берiлген өтiнiмдердi қарау кезiнде жария тыңдаулар өткiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 376 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiтуге берiлген өтiнiмдердi қарау кезiнде жария тыңдаулар өткiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 376 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 17, 177-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiтуге берiлген өтiнiмдердi қарау кезiнде жария тыңдаулар өткiзу ережесiнде:
7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Уәкiлеттi орган:
1) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетін қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн жалпы тәртiппен бекiту кезiнде кемiнде күнтiзбелiк он бес күн бұрын;
2) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетін қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес бекiту кезiнде кемiнде күнтiзбелiк жетi күн бұрын жария тыңдауларды өткiзу күнi мен орны туралы ақпаратты өзiнiң интернет-ресурсында орналастырады және мерзiмдi баспасөз басылымдарында жариялайды.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Жария тыңдаулар:
табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейлерiн бекiту кезiнде бекiту туралы шешiм қабылдағанға дейін күнтiзбелiк отыз күннен кешіктірмей;
табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетін қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiту кезiнде бекiту туралы шешiм қабылдағанға дейін күнтiзбелiк он бес күннен кешіктірмей;
табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетін қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес бекiту кезiнде бекiту туралы шешiм қабылдағанға дейін күнтiзбелiк жетi күннен кешіктірмей;
шағын қуатты табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетін қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiту кезiнде бекiту туралы шешiм қабылдағанға дейін күнтiзбелiк бiр күннен кешіктірмей өткізіледі.».