Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 июня 2004 года N 683

Қаулы · № 736 · қабылданған 24.08.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2004-n-683-ekb-34847/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 июня 2004 года N 683 Күшін жойған Қаулы ·№ 736 ·24.08.2007
21.08.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.08.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 июня 2004 года N 683

Күшін жойған Қаулы ·№ 736 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 июня 2004 года N 683
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы N 683 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
736
Қабылданған күні
24.08.2007
Көрсетілген редакция
21.08.2020 34847_478065.kaz
Соңғы өзгеріс
21.08.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070000736_
ЭКБ идентификаторы
34847
Редакция идентификаторы
34847_478065
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:07

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы N 683 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1 1. "Әлеуметтік аударымдарды есептеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы N 683 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 25, 323-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу ережесінде:
6-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жұмыспен өзін өзі қамтыған адамдар үшін олардың Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде бір айдың ішінде алуға тиіс (алынған) кірістерінен тұратын жиынтық табысы әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.";
7-тармақтың екінші абзацындағы ", сондай-ақ біржолғы төлемдерден (еңбекақы төлеу бөлігінде) алынған" деген сөздер алынып тасталсын;
10-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Заңды тұлғалар - арнайы салық режимін қолданатын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер, шаруа (фермер) қожалықтары, арнайы салық режимін жеңілдетілген декларация негізінде қолданатын шағын бизнес субъектілері, арнайы салық режимін патент негізінде қолданатын жеке кәсіпкерлер есептеген әлеуметтік аударым сомалары Салық кодексінде көзделген мерзімдерде аударылады.";
11-тармақта:
"әлеуметтік жеке кодын (бұдан әрі - ӘЖК);" деген сөздерден кейін "салық төлеушінің тіркеу нөмірін (бұдан әрі - СТН);" деген сөздермен толықтырылсын;
"айы мен жылын" деген сөздер "кезеңін (жылын, айын немесе айларын)" деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақтағы "әрбір ай үшін бөлек" деген "кезең (жыл, ай немесе айлар) үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;
18-тармақтың екінші абзацындағы "теңгемен" деген сөздер "ұлттық валютамен" деген сөздермен ауыстырылсын;
19-тармақтағы "ай, жыл" деген сөздер "кезең (жыл, ай немесе айлар)" деген сөздермен ауыстырылсын;
20-тармақтағы "әрбір ай үшін" деген "кезең (жыл, ай немесе айлар)" деген сөздермен ауыстырылып, "бөлек" деген сөз алынып тасталсын;
көрсетілген Ережеге 1-қосымша "ӘЖК" деген сөзден кейін ", СТН" деген сөзбен толықтырылсын;
көрсетілген Ережеге 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, бұл ретте, осы қаулының 1-тармағының тоғызыншы, он бесінші және он алтыншы абзацтары 2010 жылғы 13 тамызға дейін қолданыста болады.

0 Растау анықтамасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 24 тамыздағы
N 736 қаулысына
қосымша
Әлеуметтік аударымдарды
есептеу ережесіне
2-қосымша
Растау анықтамасы
(әле­умет­тік ауда­рым­дар тө­ле­у­ші­нің ата­уы)   |
мем­ле­кет­тік әле­умет­тік сақ­тан­ды­ру қо­ры­на әле­умет­тік ауда­рым­дар тө­ле­ген кез­де, мы­на­дай тө­лем тап­сыр­ма­ла­рын­да, олар үшін ауда­рым­дар жүр­гі­зі­л­ген мін­дет­ті әле­умет­тік сақ­тан­ды­ру жүй­е­сі қа­ты­су­шы­ла­ры­ның ті­зі­мін­де қа­те­лік­тер жі­бе­рі­л­ге­нін рас­тай­ды:
|
Р/с
N
Тө­лем тап­сыр-
ма­сы­ның N
Тө­лем тап­сыр-
ма­сы­ның кү­ні
Тө­лем тап­сыр- ма­сы­ның жал­пы со­ма­сы
Ре­фе­ренс
Т.А.Ә.
Бі­рін­ші бас­шы
(қо­лы)
Бас бух­гал­тер (Т.А.Ә.)
(қо­лы)
кестенің жалғасы
Ту­ған кү­ні
ӘЖК
СТН
Қа­те ауда­ры­л­ған (тең­ге)
Ауда­ры­лу­ға ти­іс (тең­ге)
|
(Т.А.Ә.)
|
(Т.А.Ә.)
|
Мөр орны

Қолданыстағы