О внесении изменений и дополнения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 21 октября 2004 года № 305 "Об утверждении Инструкции об организации воспитательной работы с осужденными в исправительных учреждениях Министерства юстиции Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 21 октября 2004 года № 305 "Об утверждении Инструкции об организации воспитательной работы с осужденными в исправительных учреждениях Министерства юстиции Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелерiндегi сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 21 қазандағы N 305 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 125
- Қабылданған күні
- 17.09.2009
- Көрсетілген редакция
- 30.03.2012 AI48430_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.03.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V090005835_
- ЭКБ идентификаторы
- 48430
- Редакция идентификаторы
- AI48430_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:23
0 "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелерiндегi сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 21 қазандағы № 305 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
"Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің түзеу мекемелеріндегі сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 21 қазандағы N 305 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3228 болып тіркелген) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің түзеу мекемелеріндегі сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 21 қазандағы N 305 бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006 жылғы 27 ақпандағы N 69 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4118 болып тіркелген), "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына қылмыстық-атқару жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 21 маусымдағы N 185 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4794 болып тіркелген), "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 5 желтоқсандағы N 327 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5064 болып тіркелген, (2008 жылғы 25 қаңтардағы N 12 (1238) "Заң газеті" газетінде жарияланған) бұйрығымен енгізілген толықтырулар және өзгерістермен бірге) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:"
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің түзеу мекемелерiнде сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру туралы нұсқаулықта:
84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"84. Жазаны өтеу мерзімі аяқталғанға дейін 20 күннен кешіктірмей, ал өзге негіздер бойынша босатылу кезінде, босатылғаннан кейін бір жұмыс күнінің ішінде оның таңдаған мекен-жайы бойынша қалалық (аудандық) ішкі істер органдарына хабарлама (10-қосымша) жіберіледі.".
10-қосымшада:
"босатылатын", "босатылады" деген сөздерден кейін тиісінше "(босатылған)" және ", босатылды" деген сөздермен толықтырылсын.
2 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасына жүктелсін.
3 3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры
_________________ Қ. Мәми
2009 жылғы 28 қыркүйек