Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 июня 2004 года № 677

Қаулы · № 909 · қабылданған 25.09.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2004-no-677/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 июня 2004 года № 677 Күшін жойған Қаулы ·№ 909 ·25.09.2006
22.11.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.11.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 июня 2004 года № 677

Күшін жойған Қаулы ·№ 909 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 июня 2004 года № 677
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 21 маусымдағы № 677 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
909
Қабылданған күні
25.09.2006
Көрсетілген редакция
22.11.2021 29731_546139.kaz
Соңғы өзгеріс
22.11.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P060000909_
ЭКБ идентификаторы
29731
Редакция идентификаторы
29731_546139
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 16:51

0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 21 маусымдағы N 677 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

1 1. "Орта мерзiмдi фискалдық саясатты әзiрлеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 21 маусымдағы N 677 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 24, 319-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Орта мерзiмдi фискалдық саясатты әзiрлеу ережесiнде:
"Жалпы ережелер" деген 1-бөлiмде:
2-тармақта:
үшiншi, бесiншi және сегiзiншi абзацтар алынып тасталсын;
төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"республиканың немесе өңiрдiң стратегиялық, әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi кезеңге арналып белгiленген басымдықтарын ескере отырып, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын";
5-тармақта:
төртiншi абзац алынып тасталсын;
алтыншы абзацтағы "орта мерзiмдi" деген сөздер "стратегиялық және орта мерзiмдi" деген сөздермен ауыстырылсын;
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"өткен қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдау, оның негiзгi бағыттарын жыл сайын түзете отырып, бағдарламаларды бағалау, бюджеттiк бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыруды бағалау негiзiнде әзiрленедi";
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Орта мерзiмдi фискалдық саясатқа, егер бюджеттi әзiрлеу немесе нақтылау кезiнде оның негiзгi бағыттары түзетiлген жағдайда өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.";
"Орта мерзiмдi фискалдық саясаттың құрылымы" деген 2-бөлiмде:
8-тармақта:
"мынадай" деген сөзден кейiн "негiзгi" деген сөзбен толықтырылсын;
4) тармақшадағы "шығын" деген сөз "шығыстар" деген сөзбен ауыстырылсын;
6) тармақша алынып тасталсын;
11-тармақта:
"бюджет кiрiстерiн" деген сөздерден кейiн "және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын" деген сөздермен толықтырылсын;
"бюджетке түсетiн" деген сөздер алынып тасталсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Шығыстар саясаты бюджеттiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шығыстары бөлiгiнде бюджет саясатының мақсаттары мен мiндеттерiн, мемлекет функцияларының орындалуын және республикадағы немесе экономиканың салалары (секторлары) бойынша мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын көрсететiн үш жылдық кезеңге арналған шығыстардың басым бағыттарын, мемлекеттiң қаржы активтерiн сатып алу және сату бөлiгiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы орган саясатының бағыттарын қамтуы тиiс.";
14-тармақ алынып тасталсын:
17-тармақтың бiрiншi және екiншi абзацтарындағы "бюджеттiң құрылымы бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
"Орта мерзiмдi фискалдық саясатты әзiрлеу және бекiту" деген 3-бөлiмде:
21-тармақта:
"ақпанына" деген сөз "мамырына" деген сөзбен ауыстырылсын;
", кейiннен оларды мемлекеттiк органдарға жiберуiн" деген сөздер алынып тасталсын;
22-тармақтың 1) тармақшасындағы "орта мерзiмдi фискалдық саясатты әзiрлеудiң үйлестiру жоспарына сәйкес" деген сөздер "орта мерзiмдi фискалдық саясаттың негiзгi бөлiмдерi бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
23-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын;
24-тармақтың 1) және 2) тармақшаларындағы "мамырына" және "маусымына" деген сөздер тиiсiнше "тамызына" және "қыркүйегiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
25-тармақта:
2) тармақшадағы "маусымына" деген сөз "қыркүйегiне" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы "шілдесіне" деген сөз "қазанына" деген сөзбен ауыстырылсын.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы