О реализации решения Карабалыкского районного маслихата от 21 декабря 2006 года № 274 «О районном бюджете Карабалыкского района на 2007 год»
Қолданыста
Қаулы
№ 9
21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О реализации решения Карабалыкского районного маслихата от 21 декабря 2006 года № 274 «О районном бюджете Карабалыкского района на 2007 год»
- Атауы (қаз.)
- Қарабалық аудандық мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 274 «Қарабалық ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 9
- Қабылданған күні
- 12.01.2007
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.01.2007
- Көрсетілген редакция
- 12.01.2007 31800_317649.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.01.2007
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V07NL000030
- ЭКБ идентификаторы
- 31800
- Редакция идентификаторы
- 31800_317649
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 16:14
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Қарабалық аудандық мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 274 «Қарабалық ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджеттік кодексі 64-1 бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы 31 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына, Қарабалық аудандық мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 274 «Қарабалық ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер» бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында жергілікті бюджеттен мынадай әлеуметтік төлемдер белгіленсін:
тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген он еселеген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек;
тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген он еселеген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қайтыс болған кәмелетке толмаған жасөспірімдерді жерлеуге әлеуметтік көмек;
туберкулезбен ауыратын науқас азаматтарға амбулаториялық емдеу мерзімінде қосымша тамақтандыруға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген бес еселеген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тиісті жылға арналған біржолғы жылдық әлеуметтік көмек;
Ұлы Отан соғысына қатысқандарға бір мың теңге мөлшерінде және тыл еңбеккерлеріне бес жүз мөлшерінде Жеңіс күніне қарсы әлеуметтік көмек;
Қазақстан Республикасы жоғары оку орындарында медициналық мамандары бойынша оқуға байланысты шығынды өтеуге білім беру жөніндегі орталық атқарушы органмен жыл сайын белгіленетін кешенді тестілеуде ең төменгі баллдар санынан аз емес балл жинаған, мемлекеттік білім грантын алалмаған жалпы орта және арнайы орта білім ұйымдарының түлектеріне, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарында медициналық мамандары бойынша оқитын студенттерге оқуға байланысты шығынды өтеуге білімдік қызмет көрсету келісім шарттарының негізінде білім алу құнынан жүз пайыз мөлшерінде әлеуметтік көмек;
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарында педагогикалық мамандары бойынша оқуға байланысты шығынды өтеуге білім беру жөніндегі орталық атқарушы органмен жыл сайын белгіленетін кешенді тестілеуде ең төменгі баллдар санынан аз емес балл жинаған, мемлекеттік білім грантын алалмаған жалпы орта және арнайы орта білім ұйымдарының түлектеріне, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарында педагогигалық мамандары бойынша оқитын студенттерге оқуға байланысты шығынды өтеуге білімдік қызмет көрсету келісім шарттарының негізінде білім алу құнынан елу пайыз мөлшерінде әлеуметтік көмек;
Қарттар күніне қарсы бес жүз теңге мөлшерінде бюджетпен қарастырылған қаржы шегінде біржолғы әлеуметтік көмек.

2. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөнінде уәкілетті орган болып «Қарабалық ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - уәкілетті орган) анықталсын.
3. Уәкілетті орган әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізімі, тағайындау және төлеу тәртібі бекітілсін.
4. Әлеуметтік көмекті төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы алушының дербес шотына ақша қаражатты аудару жолымен уәкілетті органның тізімі бойынша жүргізіледі.
5. Әлеуметтік көмектің қаржыландыру «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер» бюджеттік бағдарламасы бойынша іске асырылсын.
6. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 25 қаңтардағы № 10 «Қарабалық аудандық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 177 «Қарабалық ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімін жүзеге асыру туралы», 2006 жылғы 10 ақпандағы № 29 «Қарабалық ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 25 қаңтардағы № 10 «Қарабалық аудандық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 177 «Қарабалық ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімін жүзеге асыру туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы», 2006 жылғы 19 қаңтардағы № 4 «Үйде тәрбиеленіп және оқып жатқан, мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек корсету туралы» қаулылары жойылсын.