Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 21 декабря 2006 года № 274

Өзге акт · № 345 · қабылданған 16.07.2007
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2006-no-274/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 21 декабря 2006 года № 274 Қолданыста 16.07.2007 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 21 декабря 2006 года № 274

Қолданыста Өзге акт № 345 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 21 декабря 2006 года № 274
Атауы (қаз.)
Маслихаттың 2006 жылғы желтоқсандағы № 274 шешіміне өзгерістер мен толыктырулар енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
345
Қабылданған күні
16.07.2007
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2007
Көрсетілген редакция
16.07.2007 34408_329704.kaz
Соңғы өзгеріс
16.07.2007
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V07NL000055
ЭКБ идентификаторы
34408
Редакция идентификаторы
34408_329704
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:18
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Маслихаттың 2006 жылғы желтоқсандағы № 274 шешіміне өзгерістер мен толыктырулар енгізу туралы

Қарабалық ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджеттік кодексінің 116 бабына, Қостанай облыстық мәслихатының 2007 жылғы 12 шілдедегі № 457 «2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 378 «Қостанай облысының 2007 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешіміне сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 274 "Қарабалық ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-24, аудандық "Айна" газетінде 2007 жылғы 9 қаңтарда № 1 (арнайы шығарылым) жарияланды, бұрын мәслихаттың 2007 жылғы 15 қаңтарда № 287 «Мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 274 "Қарабалық ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне озгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-29, аудандық "Айна" газетінде 2007 жылғы 30 қаңтарда № 2 арнайы шығарылымда жарияланды, мәслихаттың 2007 жылғы 10 сәуірде № 314 "Мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 274 "Қарабалық ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне озгерістер енгізу туралы" шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-45, аудандық "Айна" газетінде 2007 жылғы 24 сәуірде № 6 арнайы шығарылымда жарияланды):
1) көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қарабалық ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті мынадай көлемдерде 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін:
1) кірістер - 846546 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 358524 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 3155 мың теңге;
негізгі капталды сатудан алынатын түсімдер - 6989 мың теңге;
алынған трансферттер - 477878 мың теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен алынған субвенция бойынша - 196942 мың теңге;
2) шығындар - 856325 мың теңге;
3) операциялық сальдо - -9779 мың теңге;
4) бюджеттің тапшылығы - -10979 мың теңге;
5) қаржылық активтермен операциялар жөнінде сальдо - 1200 мың теңге;
6) тапшыны қаржыландыру - 10979 мың теңге»;
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) көрсетілген шешім мынадай мағынада 2-8 тармағымен толыктырылсын:
«2-8. 2007 жылға арналған аудандық бюджетте жалпы орта білімнің мемлекеттік жүйесіне интерактивтік оқыту жүйесін енгізуге 1866 мың теңге сомасында республикалық бюджеттен мақсатты ағымды трансферттің түсімі есепке алынсын».

2. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап іс-қимылға енеді.