Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 декабря 2007 года № 1257

Қаулы · № 191 · қабылданған 19.02.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2007-no-1257/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 декабря 2007 года № 1257 Күшін жойған Қаулы ·№ 191 ·19.02.2009
31.01.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.01.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 декабря 2007 года № 1257

Күшін жойған Қаулы ·№ 191 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 декабря 2007 года № 1257
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 1257 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
191
Қабылданған күні
19.02.2009
Көрсетілген редакция
31.01.2011 AI44320_2.kaz
Соңғы өзгеріс
31.01.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P090000191_
ЭКБ идентификаторы
44320
Редакция идентификаторы
AI44320_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:43

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 1257 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. "Мүгедектердің республикалық қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың тізбесін, олар өндіретін тауарлардың, орындайтын жұмыстардың, көрсететін қызметтердің тізбесін, Тапсырыс берушілердің олардан осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 1257 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 47, 574-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мүгедектердің республикалық қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар өндіретін, орындайтын және көрсететін тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесінде :
"Қазақ саңыраулар қоғамы" республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдары" деген бөлімде :
1-тармақта:
1) тармақшадағы "су өткізбейтін брезенттен жасалған шымылдық" деген сөздерден кейін ", нысанды және арнайы киім, жылы іш киім, бекетте киетін плащ" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) аяқ киім.";
2-тармақтағы "жөндеу-құрылыс" деген сөздерден кейін ", абаттандыру, көгалдандыру" деген сөздермен толықтырылсын;
"Қазақ соқырлар қоғамы" республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдары" деген бөлімде :
1-тармақта:
1) тармақшадағы "машинаға арналған тыстар" деген сөздерден кейін ", нысанды және арнайы киім, іш киім, жылы іш киім, госпиталь халаттары, бекетте киетін плащ" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшадағы "металл қақпақтар" деген сөздерден кейін ", Р-50, Р-65 оқшаужікті, оқшаулау детальдары" деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақшадағы "автоөткізгіштер" деген сөзден кейін ", шамшырақтар, розеткалар, ажыратқыштар, ұзартқыштар, ИП-212-45 өрт белгісін бергіштер" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
"11) дәретхана қағазы, қағаз орамалдар.";
2-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) демалысты және санаторийлік-курорттық емдеуді ұйымдастыру;";
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) үйжайларды жалға алу.".

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы