Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 21 декабря 2007 года № 17 «О районном бюджете Камыстинского района на 2008 год»

Өзге акт · № 71 · қабылданған 17.07.2008
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2007-no-17-2008-ekb-41176/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 21 декабря 2007 года № 17 «О районном бюджете Камыстинского района на 2008 год» Қолданыста 17.07.2008 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 21 декабря 2007 года № 17 «О районном бюджете Камыстинского района на 2008 год»

Қолданыста Өзге акт № 71 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 21 декабря 2007 года № 17 «О районном бюджете Камыстинского района на 2008 год»
Атауы (қаз.)
Мәслихаттын 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 17 «Қамысты ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
71
Қабылданған күні
17.07.2008
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2008
Көрсетілген редакция
17.07.2008 41176_346754.kaz
Соңғы өзгеріс
17.07.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08NK000076
ЭКБ идентификаторы
41176
Редакция идентификаторы
41176_346754
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:04
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.07.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 17 «Қамысты ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 111-бабының 1-тармағына, 116-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Қамысты ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 9 шілдедегі № 133 "Қамысты ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" Қамысты аудандық мәслихатының қарауына енгізу туралы" қаулысын қарап Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 17 "Қамысты ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2008 жылға арналған аудандық бюджет 1-косымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 958959 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер- 300035 мың теңге;
салықтан тыс түсімдер - 413 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 9073 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 649438 мың теңге;
2) шығындар - 970311,6 мың теңге;
3) операциалық сальдо - -11352,6 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 8000 мың теңге;
5) тапшылық - 19352,6 мың теңге;
6) тапшылықты қаржыландыру- 19352,6 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік қаржылар қалдықтарының қозғалысы - 19352,6 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 3-тармағы мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы мектеп түлектеріне жоғары оқу орындарында оқу үшін материалдық көмекке 896 мың теңге сомасында.»;
көрсетілген шешімнің 9-тармағы мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) жалақының ең төменгі мөлшерінің өсуіне байланысты жергілікті бюджеттердің шығындарын өтеуге 4006 мың теңге сомасында.".

2. Осы шешім 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.