О реализации решения Костанайского районного маслихата от 21 декабря 2007 года № 22 «О районном бюджете Костанайского района на 2008 год» государственным учреждением «Отдел занятости и социальных программ» акимата Костанайского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О реализации решения Костанайского районного маслихата от 21 декабря 2007 года № 22 «О районном бюджете Костанайского района на 2008 год» государственным учреждением «Отдел занятости и социальных программ» акимата Костанайского района
- Атауы (қаз.)
- Қостанай ауданы әкімиятының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қостанай аудандық мәслихатының «Қостанай ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 22 шешімін іске асыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 303
- Қабылданған күні
- 27.06.2008
- Көрсетілген редакция
- 27.06.2008 40872_347109.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.06.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08NN000082
- ЭКБ идентификаторы
- 40872
- Редакция идентификаторы
- 40872_347109
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:13
0 Қостанай ауданы әкімиятының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қостанай аудандық мәслихатының «Қостанай ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 22 шешімін іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 64-1-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 14-тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2-тармағына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы мұқтажды азаматтарға әлеуметтік көмек» және «Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламаларын іске және жүзеге асыру үшін, республикалық бюджет туралы Заңымен белгіленген тиісті жылға айлық есептік көрсеткіш есебінен, аудандық бюджеттен мынадай әлеуметтік төлеулер белгіленсін:
1 1) айлық есептік көрсеткішін он есе ұлғайту мөлшерінде қайтыс болған кәмелетке толмаған жасөспірімдерді жерлеуге, ата-анасының біріне немесе заңды өкілге (асырап алушы, асыраушы) әлеуметтік көмек тағайындалады;
2
2) айлық есептік көрсеткішін он есе ұлғайту мөлшерінде әлеуметтік көмек қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге тағайындалады, яғни қайтыс болған сәтінде жұмыспен қамту мәселесі бойынша уәкілетті органда жұмыссыз ретінде ресми тіркелген болса және кайтыс болғанның отбасы мүшелеріне, қайтыс болғанға дейін бірге тұрған немесе жерлеуді іске асырған тұлғаларға;
3
3) айлық есептік көрсеткішін он есе ұлғайту мөлшерінде Қазақстан Республикасы немесе Қостанай облысынан тысқары жерлерде орта білім алу үшін арнайы үлгідегі білім ұйымдарында оқып жатқан көз ауруы бойынша мүгедектерге жыл сайынғы біржолғы әлеуметтік көмек арнайы үлгідегі білім ұйымдарында оқып жатқан көз ауруы бойынша мүгедектерге тағайындалады және төленеді;
4
4) есептік құжаттары негізінде тексеру құнынан жүз пайыз мелшерінде 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды компьютерлік томографпен қарауға байланысты шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек, отбасының кіретін кірісіне байланыссыз, мүгедек баланың ата-анасына не өзге заңды өкілдеріне тағайындалады және төленеді;
5 5) айлық есептік көрсеткішін төрт есе ұлғайту мөлшерінде амбулаториялық емделу кезінде қосымша тамакқа, туберкулез ауруымен ауыратын азаматтарға жыл сайынғы біржолғы әлеуметтік көмек;
6 6) оқу жылының кезеңіне, айлық есептік көрсеткішін екі есе ұлғайту мөлшерінде үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға әлеуметтік көмек, ата-анасының біріне немесе заңды өкілге (асырап алушы, асыраушы) тағайындалады;
7 7) гигиеналық құралдарға мұқтаж мүгедектерге әлеуметтік көмек гигиеналық құралдарға мұктаждығы туралы ұсыныммен оңалтудың жеке бағдарламасы мүгедектерге төленеді;
8
8) спорттық класс оқушыларының тамақтануларын күшейтуді ұйымдастыру үшін, гандбол ойыны бойынша Қостанай облысы құрама командасының мүшелері болып саналатын әр оқушыға оқу жылы мерзіміне ай сайын айлық есептік көрсеткішін үш есе ұлғайту мөлшерінде ата-анасының біріне немесе заңды өкілге (асырап алушы, асыраушы) әлеуметтік көмек тағайындалады;
9 9) азаматтарды жерлеуге шұғыл жағдайда әлеуметтік көмек, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөнінде уәкілетті органда есепте тұрмаса және жинақтаған зейнетақы қоры болмаса;
10 10) шұғыл әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларына біржолғы әлеуметтік көмек;
11 11) мемлекеттік мерекелерде және көпшілік қоғамдық аудандық іс-шараларда жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек;
12 12) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектері мен оларға теңесетін тұлғалар үшін тұрмыстық қажеттеріне әлеуметтік көмек;
13 13) аз қамтылған азаматтарын құжаттандыруға шұғыл жағдайда әлеуметтік көмек.
2 2. Жерлеуге төленетін жәрдемақы мына жағдайда жүзеге асырылады, егер өтініш қайтыс болған күнінен бастап алты айдың ішінде түссе.
3 3. Әлеуметтік көмекті төлеу уәкілетті орган ұсынған тізімге сәйкес, банктік операция түрлеріне сай Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер немесе ұйымдар арқылы әлеуметтік көмекті алушының жеке шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүзеге асырылады.
4 4. Қостанай ауданы әкімиятының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - уәкілетті орган), 1-тармағының 1) тармақшасынан 8) тармақшасына дейін атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөнінде уәкілетті орган болып анықталсын.
5 5. Әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім құжаттарды қабылдаған күннен он күн ішінде уәкілетті органмен қабылданады.
6 6. Анықталсын, әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім, ұсынылған әлеуметтік көмектің мөлшері осы қаулының 1-тармағының 9) тармақшасынан 14) тармақшасына дейін атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі аудандық комиссиямен бір айдың ішінде кабылданады.
7 7. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы мұқтажды азаматтарғаәлеуметтік көмек» және «Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламалары бойынша өткізілсін.
8 8. Қосымшаға сәйкес жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі бекітілсін.
9 9. Құжаттар түпнұсқа және көшірме түрінде салыстыру үшін ұсынылады. Салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқасы арыз берушіге қайтарылады, ал көшірмелері куәландырылады және іске тігіледі.
10
10. Қостанай ауданы әкімдігінің «Атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2004 жылғы 11 наурыздағы № 140 (2004 жылы 5 сәуірдегі нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2860 тіркелген, 2004 жылы 21 мамырдағы № 20 (199) аудандық «Көзқарас-Взгляд» газетінде жарияланған), «Атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы» Қостанай ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 11 наурыздағы №140 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 27 маусымдағы №407 (2005 жылы 18 шілдедегі нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-14-8 тіркелген, 2005 жылы 5 тамызда № 34 (269) аудандық «Көзқарас-Взгляд» газетінде жарияланған), «Атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы» Қостанай ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 11 наурыздағы № 140 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2005 жылғы 8 қарашадағы № 602 (2005 жылы 1 желтоқсандағы нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-14-21 тіркелген, 2005 жылы 23 желтоқсанда № 56 (291) аудандық «Көзқарас-Взгляд» газетінде жарияланған), «Атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы» Қостанай ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 11 наурыздағы № 140 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 45 (2008 жылы 20 қаңтардағы нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-14-69 тіркелген, 2008 жылы 25 қаңтарда № 3 (396) аудандық «Көзқарас-Взгляд» газетінде жарияланған қаулыларының күші жойылды деп еспетелсін.